• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қорғаныс министрлігінің Алматы өңіріндегі патриоттық акциясына үш жарым мыңнан астам оқушы қатысты

Қорғаныс ведомствосының ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы, Қонаев және Талғар қалаларында кең ауқымды патриоттық акция өткізіп, оқушылармен кездесті.

Ақпараттық-түсіндіру тобының жастармен алғашқы кездесуі Алматы қаласында өтті. Кездесулер Бауыржан Момышұлы атындағы

№ 131 мектеп-лицейі мен № 48 мектеп-лицейде және Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Алматы филиалында ұйымдастырылды. Іс-шараға қалалық білім басқармасының өкілдері, Қарулы күштер мен Ауған соғысының ардагерлері, ұстаздар және «Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Жиын барысында Қорғаныс министрлігінің өкілдері оқушыларға әскери қызметтің шарттары, мерзімді қызметтің ерекшеліктері, әскери оқу орындарына түсу тәртібі және әскери мансап мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Ақпараттық-түсіндіру тобының басшысы полковник Дәулет Бейсеков әскери қызмет жастарға кәсіби және тұлғалық даму үшін кең мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, мерзімді қызметтен өткендерге жоғары оқу орындарына түсу кезінде берілетін жеңілдіктер мен үздік сарбаздарға мемлекеттік грант арқылы тегін білім алу мүмкіндігі түсіндірілді.

Акция аясында № 131 мектеп-лицейіндегі Бауыржан Момышұлы музейі таныстырылып, робототехника бағытындағы оқу жұмыстары көрсетілді.

Армия үйінде оқушылар үшін әскери киімдер мен қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылып, Жауынгерлік даңқ музейіне экскурсия өткізілді. Іс-шара соңында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Алматы филиалы шығармашылық ұжымы концерттік бағдарлама ұсынды.

Келесі кезең Қонаев қаласында жалғасты. Кездесулер қазақ мектеп-лицейінде, № 3 орта мектепте және қалалық Мәдениет үйінде өтті. Іс-шараларға білім беру саласының өкілдері, әскери ардагерлер, ұстаздар және «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері қатысты.

Бұл кезеңде Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің аға офицері подполковник Олжас Баукен әскери оқу орындарына түсу тәртібі, әскерге шақыру шарттары және мерзімді қызметтегі сарбаздарға берілетін мүмкіндіктер туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, «Срочники 2.0» бағдарламасы арқылы мерзімді қызмет өткерген азаматтарға ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі қарастырылатыны айтылды. «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев патриоттық тәрбиенің маңызы мен «Айбын» әскери-патриоттық жиынының жастарды қалыптастырудағы рөлін атап өтті. Кездесу барысында Жауынгерлік даңқ музейінің көшпелі көрмесі мен әскери тақырыптағы фильмдер көрсетілді.

Соңғы кезең Талғар қаласында өтті. Мұнда ақпараттық-түсіндіру тобы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 7 жалпы білім беретін орта мектепте, Абай атындағы № 3 орта мектепте және қалалық мәдениет үйінде оқушылармен кездесті. Бұл кездесулерде де әскери қызметтің мүмкіндіктері мен патриоттық тәрбиенің маңызы түсіндірілді.

Кездесулер барысында жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне, білім беру ұйымдарының басшылары мен оқытушыларына жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табысталды. 

Осылайша, үш қалада өткен патриоттық акция жастарды отансүйгіштікке баулу, әскери қызмет туралы ақпараттандыру және әскери-патриоттық тәрбиені күшейту мақсатында ұйымдастырылып, ауқымды мазмұнмен қорытындыланды.

  • 19.05.2026
  • 3
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика