• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында жасанды интеллект зертханасы ашылды

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Жамбыл облысының Жамбыл политехникалық жоғары колледжі базасында «ЖИ инновациялар академиясы» зертханасы іске қосылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес құрылған бұл зертхана жасанды интеллект, бағдарламалау және заманауи цифрлық технологиялар бағытында білім беретін маңызды инновациялық алаңға айналмақ.

Жаңа орталық өңірдің цифрлық әлеуетін арттыруға серпін беріп, студенттердің жасанды интеллект пен IT саласындағы практикалық дағдыларын жетілдіруге, озық технологияларды меңгеруіне және болашақ мамандықтарына бейімделуіне кең мүмкіндік ұсынады.

Бұл маңызды жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы ұзақ жылдардан бері қалыптасқан берік достық пен өзара ынтымақтастықтың, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлердің қолдауының нәтижесінде жүзеге асты.

Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта колледж қабырғасынан жасанды интеллектіні терең меңгерген, ел дамуына үлес қосатын, бәсекеге қабілетті жас мамандардың түлеп шығатынына сенім білдірді.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі – республикадағы үздік 10 оқу орнының қатарында. Бүгінде мұнда 2518 студент білім алуда. Олардың 1934-і дуальді оқыту жүйесімен қамтылып, білім ордасы мен өңірдегі ірі өндіріс орындарында теория мен тәжірибені қатар меңгеруде.

2025 жылы колледжді 593 түлек тәмамдады, олардың 61 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл – оқу орнының еңбек нарығымен тығыз байланысының айқын көрсеткіші.

– Бүгін колледж студенттері үлкен мүмкіндікке ие болды. Мұнда біз жасанды интеллекттің тереңіне бойлап, робототехниканың қыр-сырын меңгере аламыз. Болашақта өз жобаларымыз арқылы әлемге танылып, еліміздің абыройын асқақтатуды мақсат етіп отырмыз, –  дейді 2-курс студенті Нұртас Пәрін.

Бұл күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжі, Т. Рысқұлов және Қордай аудандарындағы колледждерде білім беру-өндірістік бағыттағы химия және ауыл шаруашылығы кластерлері ашылды.

Бұл бастама білім мен өндірісті ұштастырып, ғылым мен тәжірибе арасындағы байланысты нығайтады. Соның нәтижесінде еңбек нарығына қажетті, заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлауға жол ашылады.

Айта кетейік, Жамбыл облысында жасанды интеллект технологиялары қоғамдық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру және мемлекеттік басқару салаларына кеңінен енгізілуде. Атап айтқанда, бет-әлпетті тану, онкологиялық ауруларды ерте анықтау, аудио қоңырауларды талдау және жасанды интеллект ассистенттерін әзірлеу бағытындағы жобалар табысты жүзеге асуда.

Бұдан бөлек, жасанды интеллект және ақпараттық технологиялар мамандарын даярлау жұмыстары жүйелі түрде жолға қойылып, жоғары оқу орындарымен бірлескен цифрлық кадр даярлау және IT түлектерін жұмыспен қамту тетіктері күшейтілуде.

  • 20.05.2026
  • 6
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика