- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
2026 жылғы мамыр айындағы ЖЭС жобалары бойынша аукциондық сауда-саттық сәтті аяқталды.
2026 жылғы 20 мамырда ҚР БЭЖ Солтүстік аймағында жалпы белгіленген қуаты 100 МВт болатын жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті.
Аукциондық сауда-саттыққа 8 компания қатысуға жіберілді. Сауда-саттық сессиясы барысында қатысушылар тарапынан 25 баға ұсынысы беріліп, ұсынылған өтінімдердің жиынтық көлемі 800 МВт-ты құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша «Terra Wind» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Жобаның белгіленген қуаты — 100 МВт, аукциондық баға — ҚҚС-сыз 12,88 теңге/кВт·сағ.
Сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, «EcoJer» Қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.
Бақылаушылар электрондық сауда жүйесінің ашық әрі дұрыс жұмыс істегенін растады. Аталған жүйенің операторы — «KOREM» АҚ.
ГЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукциондық сауда-саттық 2026 жылғы 21 мамырға жоспарланған. Барлық аймақтар бойынша жалпы белгіленген қуат көлемі 150 МВт-ты құрайды.
- 20.05.2026
- 4


