- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
Қазақстанда ірі су электр станцияларын (СЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өтті.
2026 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) барлық аймақтарында жалпы белгіленген қуаты 150 МВт болатын су электр станцияларын (СЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа 2 компания қатысуға жіберілді. Сауда-саттық барысында қатысушылар тарапынан 3 баға ұсынысы беріліп, ұсынылған өтінімдердің жиынтық көлемі 36,61 МВт құрады.
Аукцион қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып төмендегілер танылды:
- «Miliar Company» ЖШС екі жоба бойынша жеңімпаз атанды: белгіленген қуаты 16,5 МВт жоба бойынша аукциондық баға – ҚҚС-сыз 41,23 теңге/кВт·сағ, белгіленген қуаты 10,1 МВт жоба бойынша аукциондық баға – ҚҚС-сыз 41,13 теңге/кВт·сағ.
- «ОсирисЭнерго» ЖШС белгіленген қуаты 10,01 МВт жоба бойынша жеңімпаз деп танылды. Аукциондық баға – ҚҚС-сыз 41,18 теңге/кВт·сағ.
Сауда-саттыққа бақылаушы ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар электрондық сауда жүйесінің ашық әрі дұрыс жұмыс істегенін растады. Аталған жүйенің операторы — «KOREM» АҚ.
СЭС салу жобаларын іріктеу бойынша келесі аукциондық сауда-саттық 2026 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының БЭЖ барлық аймақтарында жалпы белгіленген қуаты 50 МВт көлемінде өтеді.
- 21.05.2026
- 4


