• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев мәдениет және өнер саласының өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың еселі еңбегіне құрмет көрсетті.

Салтанатты шара қазақ әдебиеті мен мәдениетінің өрісін кеңейткен Жамбыл жерінің біртуар тұлғаларына арналған әсерлі композициялық қойылыммен ашылды.

Бүгінде облыста халыққа мәдени қызмет көрсететін 506 мекеме жұмыс істейді. Бұл салада 3 мыңнан астам маман еңбек етуде. Соңғы үш жылда 22 мәдениет нысаны ел игілігіне берілсе, биыл тағы 5 нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарланған.

Аймақ басшысы өңірдің қазақ руханияты мен өнеріндегі орны ерекше екенін атап өтті.

– Мәдениет – ұлттың рухани тірегі, халықтың болмысын айқындайтын асыл қазына. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласын дамыту ұлт сапасын арттырудағы маңызды бағыттардың бірі екенін ерекше атап өткен болатын.

Облысымыздағы театр әртістері, әншілер, күйшілер, бишілер, кітапхана мен музей қызметкерлері, мәдениет үйлерінің мамандары ұлттық өнерді ұлықтап, ел руханиятының дамуына зор үлес қосып келеді. Өнер ұжымдарының халықаралық және республикалық байқаулардағы жетістіктері Әулиеата мәдениетінің абыройын асқақтатып жүр. Баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс пен толайым жетістік тілеймін, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімінің айтуынша, Жамбыл облысы бүгінде республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі мәдени жобалардың маңызды орталығына айналып келеді. Соның ішінде «Тараз – қолөнершілер қаласы» және «Қызғалдақ мұра» фестивальдері ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттауға серпін берген.

Мерекелік кеш марапаттау рәсімімен жалғасты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Әбдінова «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды. Ал К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртісі Оңал Азаматова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Сондай-ақ мәдениет саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматқа мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыс әкімдігінің және өзге де ұйымдардың марапаттары табысталды.

Іс-шара соңында мәдениет қызметкерлері спорттық жарыстарда бақ сынап, әсем ән мен күйден шашу шашып, би өнерімен мерекенің ажарын аша түсті

  • 22.05.2026
  • 6
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика