- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Соңғы 3 жылда шекаралық Панфилов ауданында 30 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді
Соңғы 3 жылда Жетісу облысының Панфилов ауданында 30 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп, тағы 9 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар осы кезеңде ауданда облыстық маңызы бар 42 шақырым жол жөнделіп, 14 елді мекендегі 28 көшеге жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ 11 ауылда көше жарық шамдары орнатылды.
Биыл бұл жұмыстар жалғасады. Атап айтқанда, жаңа оқу жылы басталғанға дейін Сүптай ауылында 120 орындық мектептің құрылысы аяқталып, Жаркент қаласында екі жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар биыл Үшарал орта мектебі мен Үлкеншыған ауылындағы балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаркент қаласындағы Головацкий және Нағарашы атындағы орта мектептер газ жүйесіне қосылады деп жоспарланған.
Денсаулық сақтау саласында биыл Жаркент қаласындағы перинаталдық орталықты күрделі жөндеу және жаңа ғимарат салу жұмыстары басталды. Жобаны 2027 жылдың ақпан айында аяқтау көзделген. Ал медицина кадрларының тапшылығын шешу мақсатында биыл ауданға жұмысқа 11 дәрігер келеді деп күтілуде.
Мәдениет саласында Сарыбел және Ынтымақ ауылдарындағы мәдениет үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жол инфрақұрылымын одан әрі дамыту да назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда Ынтымақ ауылына кіреберіс жолды жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар биыл Әулиеағаш ауылындағы ұзындығы 2,23 шақырым болатын Қарақызов көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, осы жылы Жаркент қаласындағы 9 көшеге жөндеу жасау жоспарланған. Сондай-ақ Көктал, Ақжазық ауылдарындағы Л. Асанова көшелеріне ағымдағы жөндеу жүргізілуде, ал Кішішыған ауылындағы Бестерек көшесінің орташа жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Сонымен қатар республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жібек жолы даңғылының шығыс бөлігін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар тамыз айында аяқталады. Сондай-ақ облыс басшылығының қолдауымен Жаркент қаласының орталық көшесіндегі 12 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры мен қасбетін жөндеуге қаржы бөлініп, қазіргі таңда жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жобаны осы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланған.
- 22.05.2026
- 5


