- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысы: биыл Панфилов ауданында 190 мың тонна жүгері алынады деп күтілуде
Панфилов ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарынан жүгері себуге басымдық беріледі. Өткен жылы ауданда жүгері 23 мың гектардан астам жерге егіліп, одан 182 мың тонна өнім жиналды. Ал биыл бұл дақылдың егіс көлемі тағы 2 мың гектарға ұлғайтылып, 190 мың тоннадан астам өнім алу жоспарланып отыр.
Жалпы биыл аудандағы егіс алқабы 43,7 мың гектар болады. Сонымен қатар бау-бақша шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, «Жаркент фрукт» ЖШС 55 мың жас көшет отырғызып, 500 гектар бақты жаңартты. Сондай-ақ «Агромир» ЖШС 55 мың жаңа алма ағашын отырғызды. Биыл шаруашылықта 5 мың тонна алма және 2 мың тонна шие өнімін алу күтілуде.
Өткен жылы тоқтап тұрған жылыжайдың жұмысы қайта жанданып, 4 гектар жерге қияр егілді. Нәтижесінде 750 тонна өнім алынады деген жоспар бар. Ал тағы бір жылыжайдың 1 гектар алқабынан 120 тонна қияр жинау көзделуде. Жалпы биыл ауыл шаруашылығы саласында өндірілетін өнім көлемі 67 млрд теңгеден асады деп күтіліп отыр.
Соңғы төрт жылда ауданда мемлекет меншігіне жалпы көлемі 60 300 гектар жер қайтарылды. Оның ішінде 58 мың гектар жер конкурс арқылы жаңа жер пайдаланушыларға беріліп, қоғамдық жайылымдарға бекітілді және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.
Толығырақ облыс әкімдігінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/1226419?lang=kk
- 22.05.2026
- 4


