• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында шағын және орта бизнес 3,1 трлн теңгенің өнімін өндірді

Жамбыл облысында «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік көрме-байқауы мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесі өтті. Ауқымды шараның ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Өңір басшысы өз сөзінде ел Президенті кәсіпкерлікті дамытуға әрдайым айрықша көңіл бөліп келе жатқанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы өз Жолдауларында шағын және орта бизнестің экономиканың ғана емес, қоғамның да тірегі екенін үнемі айтып келеді. Бүгінде елімізде бизнесті қолдаудың тиімді тетіктері қалыптасқан. Әсіресе, отандық өндірісті өркендету, өңделген өнім көлемін арттыру және ауыл кәсіпкерлігін дамыту бағыттарына басымдық берілуде, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев «Қазақстанның үздік тауары» байқауы сапалы өнім өндіретін кәсіпкерлерді қолдауға жол ашса, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы ауылдағы шағын өндірістердің дамуына серпін бергенін жеткізді. Оның айтуынша, жоба жергілікті шикізатты тиімді пайдаланып, ұлттық өнімдерді жаңғыртуға мүмкіндік беріп отыр.

Көрмеде өңір кәсіпорындарының әлеуеті мен жергілікті өнімдердің сапасы кеңінен таныстырылды. Қонақтар мен арнайы комиссия мүшелері тауар өндірушілер мен қолөнершілердің өнімдерін тамашалап, бағасын берді.

Қазір Жамбыл облысында 101 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Соңғы жылдары кәсіпкерлік өңір экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Өткен жылы облыс кәсіпкерлері 3,1 трлн теңгенің өнімін өндірген. Бүгінде жалпы өңірлік өнімнің үштен бірі осы саланың үлесіне тиесілі. Ал кәсіпкерлік саласында 170 мыңға жуық адам еңбек етеді.

Жыл басынан бері қаржы институттары арқылы 10 мыңнан астам кәсіпкерге 41,6 млрд теңге көлемінде несие берілген.

Соңғы үш жылда «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында тоғыз кәсіпкер финалист атанып, олардың алтауы грант иегері болды. Жалпы көлемі 24,9 млн теңгені құрайтын қаржылай қолдау өндіріс ауқымын кеңейтуге ықпал еткен.

Биылғы «Қазақстанның үздік тауары – 2026» өңірлік байқауына 120-дан астам тауар өндіруші қатысты.

«Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар» номинациясында «Касса 01» ЖШС, «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» және «G Universal» ЖШС жеңімпаз атанды.

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы «Rano Komfort Service» ЖШС, «MoozTau» ЖК және «OtarBioPharm» ЖШС-ға берілді.

Ал «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында «Әулие-Ата Феникс» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС және «AS-JAN KZ» ЖШС үздік деп танылды.

Сондай-ақ «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша қатысушылардың жұмыстары әлі де бағалануда. Қорытындысында 10 финалист іріктеліп, олар 5 млн теңгеге дейінгі гранттарға үміткер болады.

  • 25.05.2026
  • 5
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика