- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Астанада Моңғолия Ұлттық академиялық үлкен өнер театрының концерті өтті
Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Моңғолияның Мәдениет, спорт, туризм және жастар істері министрі Алдаржавхлан Жуковынмен кездесті.
Әріптесін ілтипатпен қарсы алған Аида Балаева Моңғолия Мемлекет басшысының сапары екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды кезең болатынына сенім білдірді. Осы орайда Премьер-министрдің орынбасары архив ісі, мәдениет, әдебиет және креативті индустриялар бағыттарындағы өзара ықпалдастықты дамытудың маңызын ерекше атап өтті. Сонымен қатар Моңғолия архив қорларын қазақстандық ғалымдардың қатысуымен бірлесіп зерделеу, суретшілердің өзара көрмелерін ұйымдастыру, әдеби байланыстарды кеңейту, сондай-ақ бірлескен шығармашылық жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Бұдан бөлек, Үкімет басшысының орынбасары Моңғолия министрін 19-20 мамыр күндері Астанада өтетін «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумға қатысуға шақырды.
- 26.05.2026
- 7


