- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
ИСЕСКО аясында Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілету мәселелері талқыланды
Өңірлік экологиялық саммит–2026 аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ИСЕСКО-ның Бас директоры Салим бен Мұхаммед әл-Мәлікпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен алдағы даму перспективаларын талқылады. Аида Балаева Қазақстан үшін мәдени мұраны сақтау мен оны халықаралық деңгейде дәріптеуге бағытталған бағдарламалар мен бастамаларға қатысудың айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
«Сіздің Қазақстан қалаларының біріне ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесін беру жөніндегі бастамаңыз Мемлекет басшысының қолдауына ие болды. Осыған байланысты Түркістан қаласын 2027 жылы ИСЕСКО-ның мәдени астанасы мәртебесіне ұсынуға дайын екенімізді растаймыз», – деді Аида Балаева.
- 26.05.2026
- 2


