- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
«Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау ынтымақтастықты арттыра түсетін қуатты факторға айналды»: Президент ӨЭС аясындағы эковолонтерлік жөніндегі сессия қатысушыларына үндеу жолдады
Өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Халықаралық еріктілер жылы шеңберінде «Волонтерлік және экологиялық іс-қимылдар» атты панельдік сессия өтті. Сессия жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Даму бағдарламасы Әкімшісінің орынбасары Хаолянь Шу, Әзербайжанның ҮЕҰ-ларды мемлекеттік қолдау агенттігінің төрағасы Айгюн Алиева, сондай-ақ сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.
Сессияға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген 100-ден астам белсенді волонтер мен азаматтық қоғам көшбасшылары жиналды. Талқылаудың негізгі тақырыбы өңірдегі экологиялық сын-қатерлерді шешудегі волонтерліктің рөлі болды.
- 26.05.2026
- 2


