- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
«АҚТӨБЕ-ОРАЛ-РФ ШЕКАРАСЫ» АВТОЖОЛЫ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР
Сырым ауданына іссапары аясында «Ақтөбе–Орал–РФ шекарасы» автожолының 369–408 шақырым аралығындағы орташа жөндеу жұмыстары қаралды.
Мұнда 26 шақырым жол ресайклинг әдісімен қайта өңделеді. 39 шақырымға беріктігі жоғары асфальтбетон төселіп, Шідерті мен Өлеңті өзендеріндегі көпірлердің деформациялық жіктері ауыстырылады.
Жол салу жұмыстары сәуір айында басталған еді. Жоба құны – 6,8 млрд теңге. Мердігер компанияның қажетті материалдары мен техникасы жеткілікті. Жол сапасына жауапты қадағалаушы құрылым өкілдері құрылыс барысын жіті бақылап отыр. Инфрақұрылым қыркүйек айында ел игілігіне беріледі.
- 26.05.2026
- 6


