- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
2026 жылғы 23 шілдеде Қазақстанда күн электр станцияларын (КЭС) салу жобаларын іріктеу бойынша қайта өткізілетін еркін аукциондық сауда-саттықтар өтеді.
«KOREM» АҚ хабарлайды, 2026 жылғы 28 сәуірде белгіленген қуаты 50 МВт болатын күн электр станциялары (КЭС) жобаларын іріктеу бойынша еркін аукциондық сауда-саттықтар өткізілді.
Сауда-саттық сессиясының қорытындысы бойынша аукциондық сауда-саттықтарға қатысуға 1 компания жіберілді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген Аукциондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 67-тармағы 2) тармақшасына сәйкес (аукциондық сауда-саттықтарға қатысу үшін сауда жүйесіне өтінім берген қатысушылар саны кемінде екі болуы тиіс), аукциондық сауда-саттықтар өтпеді деп танылды.
Аукциондық сауда-саттықтардың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталған жоқ.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің хабарландыруына сәйкес, күн электр станцияларының (КЭС) қуаты 50 МВт болатын жобаларын іріктеу бойынша қайта өткізілетін еркін аукциондық сауда-саттықтар 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 15:00-де өтеді.
«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықтардың ұйымдастырушысы ретінде, қайта өткізілетін аукциондық сауда-саттықтарға қатысу үшін құжаттарды қабылдау және өтінім берушілерді тіркеу Аукциондық сауда-саттықтарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес, аукциондық сауда-саттықтар өткізілетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын басталып, аукциондық сауда-саттықтар басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын аяқталатынын хабарлайды.
Қосымша ақпарат алу үшін «KOREM» АҚ-ға koremadm@korem.kz электрондық поштасына сұрау жолдауға немесе 8 (7172) 982-965 телефоны арқылы хабарласуға болады.
- 29.05.2026
- 7


