• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймақ басшысының Қостанай ауданына жұмыс сапары

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қостанай ауданының Александров ауылдық округінде болып, көктемгі егіс науқанымен, Павлов ауылындағы «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу барысымен және Жуков ауылында елді мекенді көркейту, баспана салу жұмыстарымен танысты.

Республика бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алуға 300 млрд теңге қарастырылған. Биыл осы қаражаттың 45 млрд теңгесі біздің облысқа бөлінді.

Көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдетілген несиелеу аясында екінші деңгейлі банктерді қоса алғанда, қаржы институттары арқылы 173 млрд теңге беру жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге литрі 281 теңгеден 73,3 мың тонна дизель отыны бөлінді.

Соңғы 3 жылда облыстың егіс алқаптарының құрылымы айтарлықтай өзгерді. Дәнді-бұршақты дақылдардың көлемі 84,4%-ға, майлы дақылдар 32,1%-ға ұлғайды.

«Борис-Романовское» ЖШС иелігінде 10,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бар. Оның ішінде егістік – 9,7 мың гектар, жайылым – 565,7 гектар. 2026 жылға арналған егіс құрылымы бойынша бидай – 3,6 мың гектар, майлы дақылдар – 3,1 мың гектар. Майлы дақылдар көлемі 2024 жылғы 1,8 мың гектардан биыл 3,1 мың гектарға дейін ұлғайтылды.

«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы бері облыста 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 250-ден астам балалар және спорт алаңы орнатылды. 600-ге жуық рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылып, 1250-ден астам ескі және қараусыз ғимарат сүрілді. Сонымен қатар 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды. Биыл облыс елді мекендерінде 77,3 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр. Көктемгі көгалдандыру барысында 30 мыңнан астам ағаш пен бұта егілді. Сондай-ақ 37 көпқабатты тұрғын үйді жөндеу, 31 балалар алаңын орнату және ескі, апатты үйлерді бұзу көзделген», – деді аймақ басшысы.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және ауыл инфрақұрылымын дамыту аясында «Борис-Романовское» ЖШС Павлов ауылында көлемі 0,5 гектар болатын саябақ аймағын құруға демеушілік көмек көрсетті. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 25 млн теңге, оның ішінде 20 млн теңге демеушілік қаражат. Жоба аясында асфальтталған жаяу жүргіншілер жолдары салынып, екі заманауи беседка мен мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған сахна орнатылады. Сонымен қатар белсенді демалыс пен спортпен шұғылдануға арналған жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңы салынады. Аумағында балалар ойын алаңы да бар.

Саябақта қазірдің өзінде 20 қарағай көшеті мен 100 пирамида тәрізді терек отырғызылды. Бұл экологиялық жағдайды жақсартып, аумақтың заманауи эстетикалық келбетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Оның бүкіл аумағында жарықтандыру жүйесі мен еуроштакетниктен жасалған металл қоршау орнатылады. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

«Демалыс аймағы тұрғындардың отбасылық демалысына, спортпен айналысуына және өмір сүру сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасайды», – деді Құмар Ақсақалов.

Мемлекет басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңыздылығын ерекше атап өтеді. Кәсіпкерлер өздері еңбек етіп жатқан ауылдардың дамуына белсенді үлес қосуы қажет.

Бүгінде Жуков ауылында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі байқалады. «Розумович» ЖШС 2021-2025 жылдар аралығында өз қаражаты есебінен ауыл тұрғындары үшін 33 пәтерлі 21 үй салды. Сонымен қатар «Өркениет» дамыту орталығы, мини-маркет, қоғамдық монша, қонақүй және балабақша бой көтерді. Қазіргі таңда 100 орындық мектептің құрылысына арналған жоба әзірленді.

Кәсіпорын алдағы уақытта тағы 15 жеке тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Ол үшін көлемі 2 гектар жер телімі бөлінген.

Жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында 12 басқа арналған ат қора салынды. Сонымен қатар қызметкерлерге арналған тұрғын үй де бой көтерді.

  • 29.05.2026
  • 5
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика