• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Балдаурен» орталығында Қарулы күштер әскери қызметшілерінің балалары үшін жазғы маусым ашылды

Биыл әскери қызметшілердің 1100-ден астам баласы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының филиалдарында жазғы демалыстарын өткізеді.

Алғашқылардың бірі болып орталықтың Щучинск қаласындағы филиалына Ақмола өңірлік гарнизоны әскери қызметшілерінің 5-9-сыныптарда оқитын 15 баласы келді. Олар мұнда екі апта демалады.

Балалар үшін бүкіл ауысым бойы серуендер, экскурсиялар, шығармашылық және спорттық үйірмелердегі сабақтар, байқаулар, зияткерлік ойындар, би үйірмелері және басқа да көптеген қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай-ақ ағзаны шынықтырып, иммунитетті нығайтуға ықпал ететін сауықтыру процедуралары мен суға жүзу де қарастырылған.

Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы жанындағы әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет басшысы Жазира Жұмабаева атап өткендей, өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету Қарулы күштердегі әлеуметтік жұмыстың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

– Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктері арасындағы келісім аясында әскери қызметшілердің балалары еліміздің әр өңірінде орналасқан орталық филиалдарында демалыстарын өткізу мүмкіндігіне ие. Оқу жылы барысында олар үшін мектеп бағдарламасы бойынша оқыту да ұйымдастырылады. «Балдауренде» өткізген уақыт балаларға жарқын әсерлер мен жаңа достар сыйлайтынына сенімдімін, – деді ол.

Көпбалалы ана Гүлнұр Әбдікәрімова мұндай қолдау әскери қызметшілердің отбасылары үшін аса маңызды екенін айтады.

– Менің ұлым алғаш рет «Балдауренге» барғалы отыр. Лагерьде болу оның денсаулығына оң әсер етіп, құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және ұжымда жұмыс істеуге үйретеді деп сенемін. Балаларымыздың пайдалы әрі мазмұнды демалысын ұйымдастырғаны үшін Қорғаныс министрлігіне алғысымызды білдіреміз, – деді Г. Әбдікәрімова.

Құрлық әскерлері әскери қызметшісінің ұлы Ерасыл Рақымбеков те алдағы ауысымнан көп жаңалық күтетінін жеткізді.

– Мен «Балдаурен» лагеріне алғаш рет бара жатырмын және бұл үшін өте қуаныштымын. Жаңа достар тауып, түрлі іс-шараларға қатысатын боламын , – деді оқушы.

 «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы көптеген жылдар бойы еліміздегі жетекші балалар орталықтарының бірі болып келеді. Жыл басынан бері орталықтың сауықтыру және білім беру бағдарламаларынан Қарулы күштер әскери қызметшілерінің 504 баласы өтті.

Олардың ішінде Щучинск қаласындағы филиалда – 105 бала, Түркістан қаласында – 91 бала, Қонаев қаласында – 196 бала, ал Балқаш қаласында – 112 бала демалды.

  • 03.06.2026
  • 4
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика