- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісу облысына – 4 жыл: Талдықорғанда 187 аула, 30 үйдің қасбеті, 80 үйдің шатыры жөнделді
Жетісу облысы құрылғаннан бері Талдықорғанда 187 аула абаттандырылып, 80 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделді, сондай-ақ 30 көп қабатты үйдің қасбеті жаңартылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасып жатыр.
Биыл «Самал», «Жастар», «Мүшелтой», «Болашақ», «Көктем», «Ғарышкер» шағын аудандарында аулаларды абаттандыру жұмыстары басталды. Аралау барысында өңір басшысы «Мүшелтой» шағын ауданындағы бір аулада атқарылған жұмыстарды көрді.
Мемлекет басшысы тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыру туралы алдымызға нақты міндет қойып отыр. Бұл дегеніміз – әрбір аула, әрбір қасбет, әрбір жаяу жүргіншілер аймағы есеп беру үшін емес, халықтың игілігі үшін жөнделуі тиіс. Сондықтан жұмыстардың сапасына, мерзімнің сақталуына және қолданылатын материалдардың ұзаққа шыдас беретіне ерекше назар аудару қажет.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компания өкілдері өңір басшысына жұмыстардың сәуір айының басында басталғанын жеткізді. Бүгінгі күні 19 нысанның 12-сінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аулаларды абаттандыруға 22 техника жұмылдырылған, нысандарда 70-тен астам адам еңбек етуде.
Жансүгіров көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары жалғасуда, бұл жобада 30 үй қамтылады. Сонымен қатар биыл тағы 33 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделеді.
- 11.06.2026
- 6


