- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қостанайда еліміздегі ең үлкен жабық аквапарк салынып жатыр
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Осьминог» аквапаркінің құрылыс жұмысымен танысуға барды. Аймақ басшысымен бірге өңіріміздің белсенді жастары да бой көтеріп жатқан еліміздегі ең үлкен жабық аквапаркте болды.
«Облыс экономикасы барлық бағыттар бойынша дамып келеді. Бұл – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, шағын және орта бизнес. Өңдеу өнеркәсібі бойынша кәсіпорындар, фабрикалар, зауыттар салынуда. Биыл өңірімізде жеңіл автокөліктерге арналған автокомпоненттер шығаратын зауыт іске қосылады. 800 жаңа жұмыс орны құрылады. Дәл осындай жеңіл автокөліктерге арналған автокомпоненттер шығаратын тағы бір зауыт салу туралы шешім қабылданды, онда да 800 жаңа жұмыс орны ашылады», – деді аймақ басшысы.
Алдағы уақытта сондай-ақ, «Кондитерлік астана» фабрикасы іске қосылады, онда да 260 жаңа жұмыс орны құрылады. Қостанай қаласында «Кайзен» зауытының базасында қуаттылығы 40 мың тонна ірі макарон фабрикасы салынады. Лисаков қаласында май экстракциялау зауыты салынып жатыр.
Ауыл шаруашылығында тауарлы-сүт фермалар, бордақылау алаңдары, қайта өңдеу цехтары бар. Құрылыс өз қарқынымен жүріп жатыр. Биыл 520 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарда.
Үш жыл ішінде Қостанай қаласы халқының саны 13,2 мың адамға көбейді. Мұның бәрі экономиканың даму нәтижесі. Қалада жаңа қоғамдық орындар, жаңа демалыс аймақтары пайда болуда. Marriott, Novotel және Holiday Inn қонақ үйлері салынады. Жақын күндері әуежай-отель ашылады.
«Экономиканың дамуымен және фабрикалар мен зауыттардың ашылуымен қатар, тұрғындар отбасыларымен бірге демалатын орындар да қатар ашылуы тиіс. Қонақтар үшін Қостанай облысының өзіндік ерекшеліктері болуы керек. Сондай ерекшеліктердің бірі – еліміздегі ең үлкен «Осьминог» жабық аквапаркі болмақ», – деді Құмар Ақсақалов.
Мемлекет Басшысының бұқаралық спортты дамыту және ұлт денсаулығын нығайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, аймағымызда спорт инфрақұрылымының саны артып келеді.
Соңғы үш жылда өңірде 30-дан астам спорт нысаны пайдалануға берілді. 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 4 жабық хоккей корты, 2 стадион, ат манежі және бассейн ашылды. Былтыр «Трудовые резервы» спорт кешені жаңғыртылды.
Қазіргі уақытта «Осьминог» аквапаркін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Нысанның қасбетін әрлеу, инженерлік желілер тарту, еден төсеу және бассейндерді безендіру жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмысы аяқталғаннан кейін аквапарктің жалпы аумағы екі есеге кеңейіп, 9 мың шаршы метрден асады. Су айдынының көлемі үш есе өсіп, 1 мың шаршы метрден астам ұлғаяды. Демалыс нысаны 500 келушіні қабылдайды.
Бірінші қабатта толқынды бассейн, ересектерге арналған джакузи бассейні, сырғанақтары бар бассейн және балалар бассейні бар аквааймақ, 100 адамға арналған фуд-корт орналасады.
- 12.06.2026
- 5


