- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
ӨҢІР ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ
Батыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайдың Ляонин провинциясына жасаған жұмыс сапары аясында Цзиньчжоу қаласындағы ірі өндіріс орындарын аралады.
Jinzhou Wonder Auto Group Limited компаниясы — автобөлшек өндірісі саласында жетекші кәсіпорындардың бірі. Қытайдың ірі қалаларында компанияның өндірістік базалары орналасқан. Сондай-ақ Оңтүстік Корея, Германия, Польша, Мексика және тағы басқа мемлекеттерде кеңселері, қоймалары мен зауыттары бар.
Делегация мүшелері жағармайға арналған қоспалар өндіретін Jinzhou Kangtai Lubricant Additives компаниясында да болды. Мұнда өнімнің 200-ден астам түрі шығарылып, ішкі және халықаралық нарықтың 6%-ын қамтиды. Өнеркәсіптік жабдықтар мен металл өңдеуде кеңінен қолданылатын өнімдер әлемнің 20 еліне экспортталады.
Қытайлық кәсіпорын жетекшілерімен тәжірибе алмасу, жаңа технологияларды игеру және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында өзара тиімді серіктестікті дамытуға келіссөздер жүргізілді.
Айта кетейік, облыс делегацияның Қытайға жұмыс сапары үш күнге созылды. Басты мақсат — Президент тапсырмаларына сәйкес сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту, инвестиция үлесін арттыру, маңызды салаларда ортақ жобаларды іске асыру.
- 15.06.2026
- 4


