• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында 12 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма іске қосылды

Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласына қарасты Қоңыртөбе тұрғын алқабында «TRZ AGRO» ЖШС-ның жаңа көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді.

Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беретін жобамен танысып, кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі.

Жобаның жалпы құны 1,8 млрд теңгені құрайды. Қойманың сыйымдылығы – 12 мың тонна. Солтүстік Қазақстан облысының тиімді тәжірибесін енгізу аясында мемлекет тарапынан 995 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілген.

Қойма заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұндағы қондырғылар Нидерланд, Италия және Ресей Федерациясынан жеткізілген. Нысанның басты ерекшелігі – көкөніс өнімдерінің сапасын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін голландиялық технология негізіндегі еден асты желдету жүйесінің қолданылуы.

Аралау барысында облыс әкіміне серіктестік басшылығы заманауи етті терең өңдеу кешені мен жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай кешенінің жобаларын таныстырды.

«TRZ AGRO» ЖШС директорының орынбасары Ернар Сауранбаевтың айтуынша, етті терең өңдеу кешенінде шикізат толық кәдеге жаратылып, өндіріс қалдықсыз технология қағидатымен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда нысан құрылысының шамамен 70 пайызы аяқталған. Кешен құрамында мал сою және бөлшектеу алаңы, шұжық өндіру, консервілеу цехтары, сондай-ақ қайта өңделген өнім негізінде үй жануарлары мен балықтарға арналған жем шығаратын цех жұмыс істейтін болады.

Ал жылыжай кешенінің бірінші кезеңінің құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр. Жобада температура мен ылғалдылықты автоматты түрде реттейтін жүйелерді, энергия үнемдейтін технологияларды және өнімді қарқынды өсіру тәсілдерін енгізу көзделген. Бұл жоғары өнімділікке қол жеткізіп, жыл бойы сапалы өнім өндіруге мүмкіндік береді.

Жалпы үш жоба аясында 300 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде көкөніс сақтау қоймасында 30-дан астам маусымдық жұмыс орны құрылмақ.

Ербол Қарашөкеев мұндай жобалар өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға, көкөніс сақтау және өткізу жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен сақтау мерзімін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар облыс әкімі ет өңдеу кешені мен жылыжай құрылысының жүзеге асуына жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Айта кетейік, Жамбыл облысы көкөніс және бақша дақылдарын өсіру бойынша еліміздегі жетекші өңірлердің бірі. Облыс республика мен ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Негізгі дақылдардың бірі – пияз. Бүгінде өңір ішкі нарықтың пиязға деген сұранысын 100 пайыз қамтамасыз етуде.

Аймақта жалпы сыйымдылығы 374 мың тоннаға жуық 123 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді. 2028 жылға қарай бұл көрсеткішті 560 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан облысының тиімді тәжірибесін енгізу мақсатында жалпы қуаттылығы 90 мың тоннаға жуық 10 көкөніс сақтау қоймасының құрылысына несие берілді. 

  • 16.06.2026
  • 3
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика