- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойына арналған «Өз жерінің елшісі» атты VII халықаралық Еуразия мәдениеттерін жақындастыру форумы өтті
Форумның пленарлық отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтап, оның ұлттық мәдениетті дамытуға және Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға қосқан айрықша үлесін атап өткенін жеткізді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті мерейтойымен құттықтап, шығармашылығы мен азаматтық ұстанымын жоғары бағалады. Президентіміз атап өткендей, Олжас Сүлейменовтің өмір жолы — Отанға адалдықтың, жоғары азаматтық ұстанымның және жалпыадамзаттық құндылықтарға берік болудың жарқын үлгісі. Еліміздің тарихында ақындық қуат, ғылыми ізденіс, азаматтық батылдық пен халыққа адал қызмет секілді қасиеттерді бір бойына тоғыстырған тұлғалар көп емес. Олжас Сүлейменов – сондай сирек жаратылған қайраткерлердің бірі. Оның шығармашылығы қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік руханияттың да жарқын құбылысына айналды. Бірнеше буынның дүниетанымын қалыптастырып, ұлттық намыс пен туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін бойға сіңірді», – деді Үкімет басшысының орынбасары.
- 16.06.2026
- 9


