• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев Шу ауданындағы маңызды құрылыс нысандарын тексерді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы республикалық маңызы бар «Шу – Қайнар» автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасымен танысты. Еліміздегі маңызды көлік бағыттарының бірі саналатын бұл жолға соңғы 50 жылда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазіргі таңда оның 56 шақырымында ауқымды құрылыс жұмыстары жүзеге асуда.

Облыс әкімі аталған жобаның тұрғындар тарапынан көптен күткен бастама екенін атап өтіп, мердігер мекеме өкілдеріне жұмыс қарқынын арттырып, тездетіп аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ барлық құрылыс нормалары мен талаптарының қатаң сақталуын ескертті.

Бұдан кейін Ербол Қарашөкеев Жайсан ауылында бой көтеріп жатқан 120 орындық мектептің құрылыс алаңында болды. Өңір басшысы нысанды ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға беріп, жаңа оқу жылында ауыл оқушыларының заманауи білім ордасында білім алуына жағдай жасау қажеттігін айтты.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Шу қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарының орындалу барысын да зерделеді. Тоғыз жолдың торабында орналасқан стратегиялық маңызы бар нысанда 1989 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген. Қазіргі уақытта жаңғырту жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Заманауи талаптарға сай жаңартылып жатқан вокзал тәулігіне екі мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында биыл құрылыс жұмыстары толық аяқталып, вокзал аумағы абаттандырылады.

Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды, қолайлы жағдай жасауды және сауда орындарының жұмысын ретке келтіруді тапсырды.

Сапар барысында облыс әкімі «Сол жағалау» магистральды каналының құрылысын көрді. Ұзындығы шамамен 40 шақырым болатын канал іске қосылғаннан кейін 10 мың гектарға жуық суармалы алқап ағын сумен қамтамасыз етіледі.

Айта кету керек, биыл облыс бойынша 70-ке жуық ирригациялық канал жөндеуден өтуде.

Аймақ басшысы аталған жобалардың суды үнемдеу, суармалы жер көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар вегетациялық кезеңде шаруаларды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын жеделдетуді жеткізді.

Жұмыс сапарының соңында Ербол Қарашөкеев «Шу-Агро» шаруа қожалығында болып, жаңадан салынған сыйымдылығы 20 мың тонна болатын көкөніс сақтау қоймасымен танысты. Бүгінде кәсіпорында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Нысан көкөніс өнімдерін сақтау ғана емес, оларды сұрыптау, өңдеу, қаптау және экспортқа жөнелту жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі мұндай агроөнеркәсіптік жобалар өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ қойманы биылдан бастап іске қосудың маңыздылығына тоқталды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ербол Қарашөкеев барлық нысандардағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін міндеттеді.

  • 18.06.2026
  • 3
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика