• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында өңір экономикасын дамытуға арналған форум өтті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданында өткен «Меркі Бизнес Форумына» қатысты. Іс-шара барысында өңірдің инвестициялық әлеуеті, кәсіпкерлікті дамыту және ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне бағытталған бастамалар талқыланды.

Форумға кәсіпкерлер қауымдастығының өкілдері, зиялы қауым мүшелері, аудан тұрғындары мен қоғам белсенділері қатысты.

Жиынды ашқан облыс әкімі форум жұмысына сәттілік тілеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлердің экономикалық қуатын арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

– Соңғы үш жылда Жамбыл облысы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі бойынша еліміздегі жетекші өңірлердің қатарына қосылды. Осы кезеңде өңір экономикасына 764,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, республика бойынша үшінші орынға көтерілдік. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 184 миллион АҚШ долларынан 289,7 миллион АҚШ долларына дейін өсті. Тартылған қаржының 96,1 пайызын жеке инвестициялар құрайды. Бұл – бизнес қауымдастық пен инвесторлардың өңірдің әлеуетіне деген сенімінің айқын көрінісі, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында жалпы құны 143 миллиард теңгені құрайтын төрт инвестициялық жоба іске қосылып, 920 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал жыл соңына дейін құны 458,8 миллиард теңгені құрайтын 47 инвестициялық жобаны жүзеге асыру және 2700-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.

Форум барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.

Жиында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев сөз сөйлеп, соңғы жылдары облыста жаңа нысандардың көптеп бой көтеруі мен елді мекендердің көркеюі халықтың бірлігін нығайтып отырғанын атап өтті.

Ал «Novek» ЖШС-нің Меркі ауданындағы өкілі Бахыт Көкебаев алдағы жылдары аудан аумағында жалпы құны 6 млрд теңгені құрайтын екі заманауи колледж салу жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның бірі – медициналық, екіншісі – құрылыс колледжі. Әр білім ордасы мың студентке арналған. Бұл жобалар өңірге қажетті білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.

- Бізге қазір білімді мамандар керек. Ертең ауыл мен ауданның дамуы үшін дәрігер де, құрылысшы да, инженер де қажет болады. Сондықтан жастардың сапалы білім алуына жағдай жасау – маңызды міндеттердің бірі, - деді кәсіпкер Бахыт Көкебаев.

Келесі болып сөз алған «Меркі ет комбинаты» ЖШС-нің директоры Берік Егембердиев туған жерді дамыту әрбір азаматтың парызы екенін айтып, кәсіпкерлерді өңірдің өркендеуіне үлес қосуға шақырды.

Форум аясында Меркі ауданы әкімдігі мен туған жердің дамуына қолдау білдірген азаматтар арасында жалпы құны 360 миллион теңгені құрайтын 6 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Аталған келісімдер аясында демеушілер алдағы уақытта ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысын жүзеге асырады.

Бұл келісімдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.

Іс-шара соңында ауданның тарихы, табиғаты, туристік әлеуеті мен мәдени мұрасын насихаттайтын «Меркі» фотокітабының тұсаукесері өтті.

  • 22.06.2026
  • 7
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика