• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бөлімдеріне Voenmart пилоттық жобасы енгізіліп жатыр

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің сауда-тұрмыстық қамтамасыз ету жүйесін дамыту мақсатында ҚР Қарулы күштерінің Тыл бастығы басқармасы Voenmart пилоттық жобасын іске асыруды бастады.
Қазіргі уақытта бұл жоба Алматы облысындағы 78460 әскери бөлімінде, Гвардейск гарнизонның оқу орталығында, Астанадағы 68665 әскери бөлімінде және Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде енгізілді. Аталған әскери бөлімдерде тапсырыс рәсімдеу үшін жеткізуші тарапынан тегін негізде терминалдар мен планшеттер орнатылды. Алдағы уақытта планшеттер әскери бөлімдердің балансына беріледі.
– Voenmart – әскери тұрмысты ұйымдастырудың жаңа деңгейі. Цифрлық форматтың арқасында әскери қызметшілер қажетті тауарларға ыңғайлы әрі жедел қол жеткізе алады. Бұл әскери қызмет жағдайларын жайлы етіп, заманауи талаптарға сәйкестендіруге мүмкіндік береді, – деді ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпараттық технологиялар департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмат Маханов.
Voenmart жүйесі сарбаздарға қажетті тауарларға тапсырыс беріп, оларды әскери бөлім аумағына тегін жеткізу мүмкіндігін береді. Сонымен қатар жеткізілетін өнімдердің сапасын бақылаудың көп деңгейлі жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ тапсырыстарды есепке алу мен бақылаудың ашық жүйесі жұмыс істейді. Ол өз кезегінде әскери қызметшілер рәсімдеген тапсырыстарды бақылауға мүмкіндік береді.
Әскери бөлімдердегі дәстүрлі сауда нүктелерінен айырмашылығы – Voenmart ассортименті айтарлықтай кеңейтілген. Мұнда жеке гигиена құралдары, тігін бұйымдары және басқа да қажетті заттармен қатар, әскери қызметшілерге жаңа піскен жемістер, шырындар, танымал тіскебасарлар, нан өнімдері және күнделікті сұранысқа ие басқа да тауарлар қолжетімді.
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – ыстық тағамдарды жеткізу қызметінің ұйымдастырылуы. Әскери қызметшілер бәліш, бургер, пицца және басқа да тағамдарға тапсырыс бере алады, әрі олар ыстық күйінде жеткізіледі.
Бұл жерде маңызды артықшылықтардың бірі – жеткізудің тегін болуы. Әскери қызметшілер қосымша комиссиялар мен қызмет көрсету төлемдерінсіз тек тауардың өз бағасын ғана төлейді. Бұл қызметті сарбаздар үшін барынша қолжетімді етуге мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба нәтижесі бойынша оның тиімділігі бағаланып, кейіннен Voenmart жүйесін Қазақстан Қарулы күштерінің басқа да әскери бөлімдеріне кезең-кезеңмен енгізу мүмкіндігі қарастырылады.

  • 24.06.2026
  • 5
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика