- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Ақын Ақылбек Шаяхмет 75 жаста!
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Алаштың арқалы ақыны, жазушы-драматург Ақылбек Шаяхметтің 75 жас мерейтойында құттықтау сөз сөйлеп, жерлесімізге ел азаматтары атынан автокөлік тарту етті.
Салтанатты шара өткен айда Астана төрінде бастау алған болатын.
«Ақылбек Қожаұлы – ұлттық әдебиетімізде өзіндік қолтаңба қалдырған, ақиқат жырларымен үлкен қоғам қайраткеріне айналған көрнекті тұлға. Алпыс жылдан астам киелі қаламды қолынан тастамамаған ол – тек сыршыл ақын ғана емес, ұлтының жоғын жоқтаған қайраткер.
Жерлесіміз халықаралық деңгейде де мойындалған қаламгер. Бүгінде шығармалары түркі әлемінің ортақ рухани қазынасына айналды», – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.
Еліміздің театрларында драматургтың қаламынан туған бірнеше қойылымдары сахналанды.
Салтанатты кешке жерлестеріміз, еліміз бен шет мемлекеттерден қаламгер қауым Ақылбек Қожаұлының жоғары беделін құрметтеп келді.
Мерейтой иесі ақындығымен қатар, ұлтымыздың болашағы үшін ойын ашық жеткізіп жүрген күрескер. Ана тіліміздің өркен жаюына сіңірген еңбегі орасан. Бұрынғы өткен тұлғаларды қайта тірілтіп, туған жеріміздің өткен тарихын зерттеуге атсалысып жүр.
Ақынның қаламынан туған 70-тен астам кітап қазақ әдебиетіне қосылған құнды дүние. Айта кету керек, сәуір айында Ақылбек Шаяхметтің 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрген болатын.
- 27.06.2026
- 5


