• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтауы

 

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Журналистика – мәртебелі мамандық. Сіздер қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Журналист қауымды «ұлттың үні, қоғамның айнасы» деп бекер атамайды. Ел өміріндегі маңызды оқиғаларды халыққа жедел әрі сапалы жеткізіп отырсыздар.

Қазақ журналистикасының тарихы Тобыл-Торғай жерінен бастау алады. Мұхамеджан Сералин, Бейімбет Майлин, Нәзипа Құлжанова – ұлттық баспасөздің негізін қалаған тұлғалар. Олардың ізін басқан бүгінгі буын да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын, мәдени тынысын және халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп келе жатқан алтын көпір.

Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы: «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің болашағы да мықты» деген.

Біздің мақсатымыз – бір, ол – Әділетті Қазақстанды құру.

Сіздер Ел Президенті бастамашы болған «Заң мен Тәртіп», «Адал азамат» қағидаттарын және «Таза Қазақстан» бағдарламасын кеңінен дәріптеп келесіздер. Биыл Жаңа Конституцияны талқылау және қабылдау жолында халыққа шынайы, жан-жақты ақпарат тараттыңыздар.

1 шілдеден бастап жаңа Ата Заң күшіне енеді.

Елде жүргізіліп жатқан реформалар аясында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған «Масс-медиа туралы» заң қабылданды. Осыған орай журналист қауымның объективтілік, жауапкершілік және кәсіби этика қағидаттарына деген адалдығы бұрынғыдан да арта түсетініне сенім білдіремін.

Осы өзгерістердің барлығы елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды жаңғыру үдерісінің бір бөлігі. Қазіргі геосаяси сын-қатерлер жағдайында әлем қарқынды өзгеріп жатыр. Сол өзгерістермен бірге Қазақстан да дамып, жаңа белестерді бағындыруда. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған дәйекті реформалар мен ауқымды бастамалардың арқасында еліміз тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізіп, өнеркәсіпті жаңғырту, инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында сенімді қадам жасап келеді.

Экономиканы әртараптандыруға, отандық өндірісті қолдауға, инвестиция тартуға, өңірлерді дамытуға және әрбір қазақстандық үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ерекше көңіл бөлінуде.

Осы оң өзгерістердің барлығы бұқаралық ақпарат құралдарының материалдарында кеңінен көрініс табуда. Журналистердің кәсіби еңбегінің арқасында облыс тұрғындары мемлекеттік бастамалардың жүзеге асырылуы, өңірдің жетістіктері және Қостанай облысының әрбір қаласы мен ауданындағы игі өзгерістер туралы дер кезінде хабардар болып отыр.

Дәл сіздер мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ашық диалогтың дамуына, азаматтардың сенімін арттыруға және объективті қоғамдық пікірдің қалыптасуына үлес қосып келесіздер.

Бүгінде облысымызда 118 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Әрбір басылымның, телеарнаның, радиостанцияның және интернет-платформаның артында өз ісіне адал, кәсіби мамандар еңбек етуде.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында өңір тұрғындары мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы, жаңа өндірістердің іске қосылуы, инфрақұрылымның дамуы, білім, мәдениет, спорт және басқа да салалардағы жетістіктер туралы шынайы әрі жедел ақпарат алып келеді.

Ақпарат ағыны қарқынды дамыған қазіргі кезеңде журналистің жеделдігі, объективтілігі мен жауапкершілігі қоғам сенімінің басты кепілі болып табылады.

«Сөз сүйектен өтеді» дейді халқымыз. Журналист үшін бұл қағиданың мәні ерекше. Әрбір жарияланған сөз адамдарды біріктіріп, қоғамдық келісімді нығайтып, ертеңгі күнге деген сенім ұялатып, игі істерге жігерлендіре алады.

Сондықтан жоғары кәсіби жауапкершілік, объективтілік, нақтылық пен шынайылық қағидаттарына адалдық журналист мамандығының басты негізі болып қала береді.

Қостанай журналистикасы әрдайым жоғары кәсіби мәдениетімен, өңірлік күн тәртібін терең түсінуімен және оқырманға, көрерменге, тыңдарманға деген құрметімен ерекшеленіп келеді. Журналистер қауымының еңбегі республикалық деңгейде лайықты бағаланып отырғанын мақтан тұтамыз.

Соның айқын дәлелі – кеше ғана «Қостанай» телеарнасының бас редакторы Ангелина Владимировна Костюкова Қазақстан Республикасының Президентінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл – бір ғана маманның емес, тұтас өңірлік журналистиканың жетістігі.

Кәсіби еңбекті бағалаумен қатар, мемлекет бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайына да ерекше көңіл бөлуде. Былтырдан бері кәсіби мереке қарсаңында Мемлекет басшысының атынан журналистерге пәтер кілттері табысталуда.

Биыл республика бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 66 пәтер беру жоспарланған. Оның екеуі Қостанай облысының журналистеріне табысталады.

Бүгін сондай-ақ, отандық баспасөздің ардагерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді. Ортамызда отырған Жайберген Болатов, Владимир Моторико, Оразалы Жақсан бастаған аға буын кәсіби мамандар қандай құрметке де лайық.

Сіздердің тәжірибелеріңіз бен өмірлік жолдарыңыз жас буын үшін үлкен өмір мектебі.

Құрметті достар!

Біз сіздердің еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Атқарып отырған жұмыстарыңыз ақпарат таратумен ғана шектелмейді. Сіздер елдегі бірлік пен тұрақтылықты нығайту жолында аянбай қызмет етіп отырсыздар. Абыройлы міндетті әрі қарай адал атқара беруге тілектеспін.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілеймін.

Мереке құтты болсын!

  • 27.06.2026
  • 5
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика