- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Мәдениет саласындағы оң өзгерістер
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен аймақтың мәдениет саласындағы саясатты іске асыру және саланы цифрландыру тақырыбында облыс әкімдігінің отырысы өтті.
«Мемлекет Басшысы мәдениет саласын ұлттың рухани тірегі әрі қоғамның орнықты дамуының негізі ретінде айқындап келеді. Біздің міндетіміз – мәдениетті халыққа жақындатып, оның барлық тұрғын үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Соңғы жылдары Алтынсарин ауданының Большой Чураков, Қамысты ауданының Арқа, Жітіқара ауданының Пригородный, сондай-ақ Ұзынкөл ауданының Ершов және Троебрат ауылдарында 5 жаңа мәдениет нысаны салынды. Соңғы үш жылда облыста 28 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді», – деді аймақ әкімі.
Облыс аумағында тарих және мәдениет саласына қарасты 1 327 ескерткіш бар. Оның 39-ы – киелі нысан.
Мәдениет саласында цифрландыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Ел Президенті ұлттық құндылықтарды сақтауда «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құрудың маңызды екенін ерекше атап өтті.
2022 жылы театрларға 69,2 мың көрермен келсе, 2025 жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 111 мың адамға жетті. Кинотеатрларға келушілер саны да 2022 жылғы 461,3 мыңнан 2025 жылы 551,4 мың адамға дейін өсті.
«Таза Қазақстан» бағдарламасын тек тазалық пен тәртіп орнатуға бағытталған жоба ретінде қарастыруға болмайды. Оның негізінде адам бойындағы ең маңызды құндылықтарды қалыптастыру идеясы жатыр. Ол – Отанға, туған жерге, тарихқа және бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрмет. Осы құндылықтар күнделікті өмір салтына айналғанда ғана тазалық пен тәртіп қоғамның табиғи әрі ажырамас нормасына айналады». – деді Құмар Ақсақалов.
- 01.07.2026
- 7


