- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Биыл Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл
Аймақ басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында өңіріміздің 90 жылдығын мерекелеу жөнінде айтылды.
«90 жылдық – мерейтой емес. Ол – өңірдің бай тарихи жолына тағзым етіп, оны қалыптастырып, дамытуға өлшеусіз үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетуге, облыстың бүгінгі жетістіктері мен зор әлеуетін танытуға берілген мүмкіндік. Іс-шаралардың басты мақсаты – санында емес, мазмұнында. Негізгі бағыт жас ұрпақтың өңірімізге деген мақтаныш сезімін нығайтуға, тарихи жадымызды сақтауға және отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге бағытталады», – деді Құмар Ақсақалов.
Аймақ басшысы басты міндет – облыс тұрғындарының осы айтулы күннің маңызын терең сезінуін және өткізілетін іс-шаралардың болашақ буынға тағылымды мұра болып қалуын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
- 01.07.2026
- 7


