- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Тобыл қаласында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Бүгін Қостанай облысының әкімі Тобыл қаласында ашылған жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы мен 12 арнайы өрт сөндіру көліктерінің кілтін табыстау салтанатты рәсіміне қатысты. Бұл шараға ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов арнайы келді.
«Мемлекет басшысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы қызметті жаңғыртуға және оны заманауи материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп келеді. Облысымызда осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы үш жылда аймақтағы төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға 3 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 20 өрт сөндіру автокөлігі, 1 командалық-штабтық автокөлік, жол талғамайтын 26 арнайы техника сатып алынды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ғимараты, қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару станциясына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл бұл салаға 1,4 млрд теңге қарастырылған, көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 4,2 есе жоғары», – деді облыс басшысы.
Соңғы үш жылда орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 8 млрд теңге бағытталды. 51 өрт сөндіру автокөлігі сатып алынды. 86 трактор, 36 шағын орман өртін сөндіру кешені және 78 патрульдік техника алынды. Екі апта бұрын ғана 25 көлік тапсырылған болатын.
Бүгінде орман шаруашылығы мекемелерінің техникамен қамтамасыз етілу деңгейі 90%-ке жетті. Ал өрт сөндіру автокөліктерімен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100%-ті құрайды.
- 03.07.2026
- 4


