• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды

Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Жамбыл облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы бастау алды.

9 шілде күні облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков өңірде кітап оқу мәдениетін дамыту және жобаны бірлесіп жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ербол Қарашөкеев өз сөзінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениеті мен кітапхана ісін дамытуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті.

– Кітап – ұлттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің, парасат пен мәдениеттің қайнар көзі. Қоғамның дамуы, ең алдымен, азаматтарының білім деңгейі мен кітапқа деген құрметіне байланысты. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі, – деді өңір басшысы.

Бүгінде Жамбыл облысындағы 275 мемлекеттік кітапхананың кітап қоры 3 миллион 876 мыңнан асады. Кітапханаларда 224 мыңнан астам оқырман тіркелген.

Өткен жылы өңірде жүзеге асырылған «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында 7 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылып, 210 мыңға жуық адам қамтылды. Оның ішінде 130 мыңнан астамы – жастар.

Оқырмандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында кітапханалар жанынан 32 коворкинг орталығы ашылып, жастардың кітапханаға келу көрсеткіші айтарлықтай артты.

Цифрландыру бағытында да бірқатар маңызды жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, «Әулиеата кітапханасы» мобильді қосымшасы іске қосылып, оған өңірдің 133 авторының 347 шығармасының электронды нұсқасы енгізілді.

Өңір қаламгерлері де кітап қорын жаңа туындыларымен толықтыруда. Өткен жылы 22 кітаптың тұсауы кесілсе, биыл жыл басынан бері тағы 18 жаңа кітап оқырманға жол тартты.

Жас буынның кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында облыста «Ой шебері» зияткерлік ойыны жүзеге асырылып келеді.

Өз кезегінде «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков жоба аясында мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, спорт саласының өкілдері, еңбек ұжымдары мен отбасылар арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған кешенді іс-шаралар өткізілетінін айтты.

Алдағы уақытта Жамбыл облысында өңірлік жоба кеңсесі құрылып, білім беру және мәдениет ұйымдарында үйлестірушілер айқындалады. Сонымен қатар қатысушыларды тіркеуге және оқылған кітаптарды есепке алуға арналған цифрлық платформа іске қосылады. Жобаға ауылдық және шалғай елді мекен тұрғындарын кеңінен тартуға басымдық беріліп, әрбір отбасының қатысуына мүмкіндік жасалады.

Жиын соңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Кітап оқитын ұлт» жобасы жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, әрбір отбасының кітаппен етене жақын болуына және білімді, мәдениетті қоғам қалыптастыруға зор үлес қосатынына сенім білдіріп, жамбылдықтарды игі бастамаға белсенді қатысуға шақырды.

  • 09.07.2026
  • 3
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика