• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысының жедел жәрдем автопаркі 60 жаңа көлікпен толықты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа 60 санитарлық автокөліктің кілтін табыстады.

Салтанатты іс-шара барысында аймақ басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту мен нығайту мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Өңірде жаңа медициналық нысандар бой көтеріп, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау инфрақұрылымы жаңартылып, емдеу мекемелері заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Ең бастысы – тұрғындардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына қолайлы жағдай жасалып келеді.

Бұл бағыттағы маңызды міндеттердің бірі – жедел медициналық жәрдем қызметінің әлеуетін арттыру. Себебі жедел жәрдем – уақытпен санасатын қызмет. Мұнда әрбір минут пен әрбіртқабылданған шешімнің құны – адам өмірі. Сондықтан облыстың жедел медициналық жәрдем қызметіне 60 жаңа санитарлық автокөліктің берілуі – денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға бағытталған жүйелі жұмыстың заңды жалғасы, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі өз сөзінде медицина қызметкерлеріне халық денсаулығын сақтау жолындағы адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін шынайы ризашылығын білдірді. Сондай-ақ алдағы уақытта да денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жедел медициналық жәрдем қызметінің мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Венера Балқыбекованың айтуынша, бүгінде өңірде 105 медициналық бригада халыққа қызмет көрсетуде. Мемлекет басшысының медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, жедел жәрдем қызметкерлері 100 пайыз бейнежетонмен қамтамасыз етілді. Осылайша Жамбыл облысы аталған жүйені енгізген еліміздегі екінші өңір атанды. GPS жүйесі және «SOS» дабыл батырмасымен жабдықталған бейнежетондар қауіп төнген жағдайда полиция қызметкерлеріне оқиға орнын жедел анықтауға және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Ал жаңа автокөліктердің қатарында заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген «А» және «В» класты санитарлық автокөліктер, сондай-ақ аса ауыр жағдайларда шұғыл реанимациялық көмек көрсетуге арналған арнайы реанимобильдер бар.

Жалпы саны 60 жаңа автокөліктің 33-і Тараз қалалық жедел медициналық жәрдем станциясына, 4-імедициналық авиация қызметіне, ал қалған 23-і аудандық
жедел медициналық жәрдем бөлімшелеріне берілді.

  • 10.07.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика