• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдегі үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес өткізді.

Кеңеске Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Елдар Сапаров пен азаматтық қоғам институттарының белсенді өкілдері қатысты.

Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі азаматтық қоғам институттарының мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, тиімді әріптестікті дамытудағы рөлі ерекше екенін атап өтті.

– Үкіметтік емес ұйымдардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтауға қосып отырған үлесі зор. Сіздердің көпжылдық тәжірибелеріңіз бен жүйелі еңбектеріңіздің нәтижесінде өңірде көптеген маңызды бастамалар сәтті жүзеге асырылуда. Қоғамдық өмірге белсенді араласып, халықтың өзекті мәселелерін көтеріп, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қосып жүрген елеулі үлестеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, – деді Ербол Қарашөкеев.

Бүгінде облыста 1314 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 200-ге жуығы белсенді жұмыс жүргізуде.

ҮЕҰ бастамасымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік маңызы бар көптеген жобалар жүзеге асырылып, халықтың түрлі санаттарына бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылуда. Биыл өңірде 100 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Олардың басым бөлігі білім беру, жастар саясаты, отбасы және гендерлік саясат, қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамыту бағыттарына арналған.

Жиында «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Елдар Сапаров орталықтың қызметі туралы баяндап, үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, ұзақ мерзімді мемлекеттік гранттардың үлесін арттыру және өңірлік ҮЕҰ-лардың ауқымды, стратегиялық жобаларды жүзеге асыруына кеңінен мүмкіндік жасау жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Сондай-ақ білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Қызылқұлова, Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев және Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында ҮЕҰ өкілдері де өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Жиын соңында «Jambyl Civil Hub» жобасы аясында ұйымдастырылған шағын гранттар конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Қорытынды сөзінде облыс әкімі көтерілген ұсыныстардың барлығы назарға алынатынын айтып, тиісті басқармалар мен жауапты мемлекеттік органдарға әрбір бастаманы жан-жақты зерделеп, заң талаптарына сәйкес нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

  • 17.07.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика