• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
305 млн доллар инвестиция: Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды

Жамбыл облысында жалпы құны 305 млн АҚШ долларын құрайтын екі ірі өндірістік жобаның құрылысы басталды. Тараз қаласындағы «Тараз» индустриялық аймағында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын және металлургия зауыттарының іргетасына капсула салу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Аталған жобалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестиция тарту, жаңа өндірістер ашу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.

Алғашқы жоба – «ForYou Energy» ЖШС жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыты. Инвестиция көлемі 175 млн АҚШ долларын құрайтын жоба Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында іске асырылуда. Оның негізгі мақсаты – тұрмыстық қалдықтарды тиімді өңдеу арқылы қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайту, «жасыл» энергетиканы дамыту және отандық мамандардың біліктілігін арттыру.

Компанияның бас директоры Өнербек Сейітхамзаның айтуынша, кәсіпорын екі кезеңмен пайдалануға беріледі. Алғашқы кезеңі 2027 жылдың І тоқсанында, екінші кезеңі 2029 жылдың ІІІ тоқсанында іске қосылады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев экономиканы әртараптандырумен қатар, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып келеді. Тұрмыстық қалдықтарды тиімді кәдеге жарату, полигондарға түсетін жүктемені азайту және қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыру – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі. Кореялық әріптестеріміздің Жамбыл облысына инвестиция салуы өңір экономикасының дамуына тың серпін береді, – деді өңір басшысы.

Жоба толық іске қосылғаннан кейін зауыт тәулігіне 900 тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдықты өңдеп, 20 МВт-қа дейін электр энергиясын өндіреді. Құрылыс кезеңінде 400 адам жұмыспен қамтылса, кәсіпорын пайдалануға берілген соң 200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл күзде өндіріс аумағына 1000 түп қарағаш отырғызу жоспарланған.

Екінші жоба – «Тараз өндірістік комбинаты» ЖШС мен Қытайдың Guangdong Wantai Supply Chain Co., Ltd. компаниясының бірлескен өндірісі. Жобаның инвестиция көлемі 130 млн АҚШ долларын құрайды.

Компания директоры Чжоу Циньхуэйдің айтуынша, кәсіпорын толық қуатына шыққанда жылына 1 млн тоннаға дейін ыстықтай илектелген болат орамдары, тот баспайтын болат өнімдері, дәнекерленген және мырышталған құбырлар, профильді құбырлар, арматура және өзге де металл өнімдері өндіріледі. Зауыттың алғашқы кезеңін 2028 жылдың І тоқсанында іске қосу жоспарланған. Құрылыс барысында 500 адам еңбек етсе, кәсіпорын пайдалануға берілгеннен кейін 260 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жамбыл облысында инвестициялық белсенділік те айтарлықтай артып келеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 505,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,2 пайызға өсті. Оның ішінде жеке инвестициялар көлемі 473,5 млрд теңгеге жетті.

Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі де бірнеше есеге артты. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірге 333,2 млн АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылып, жоспарланған 94 млн АҚШ долларынан әлдеқайда жоғары нәтиже көрсетілді. Осылайша облыс 2026 жылға белгіленген 315 млн АҚШ долларын мерзімінен бұрын орындады. Ал 2025 жылдың қорытындысында Жамбыл облысы тікелей шетелдік инвестициялар өсімінің қарқыны бойынша республикада бірінші орынға шыққан болатын.

Қазіргі таңда облыстың инвестициялық пулында жалпы құны 5,6 трлн теңгені құрайтын 116 жоба бар. Оларды іске асыру нәтижесінде 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Оның ішінде 71 жоба құрылыс кезеңінде болса, 45 жоба жобалау алдындағы дайындық жұмыстарынан өтуде. Бұл жобалар өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, туризм және «жасыл» экономика салаларын қамтиды.

Биыл өңірде жалпы құны 471 млрд теңгені құрайтын 47 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Қазіргі уақытта олардың бесеуі пайдалануға берілді.

  • 28.07.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика