- Блогтар
- А.Н. Дәрібаев
А.Н. Дәрібаев
«KOREM» АҚ Басқарма төрағасы
«KOREM» АҚ Қазақстанның электр энергиясы нарығын талдауға арналған жаңа буынның аналитикалық цифрлық порталы бар жаңа интернет-ресурстың іске қосылғаны туралы хабарлайды.
«Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ 2026 жылғы 3 тамыздан бастап қолжетімді болатын жаңа ресми сайттың және KOREM ақпараттық-талдамалық порталының іске қосылатыны туралы хабарлайды. Аталған портал-«KOREM» АҚ мамандары әзірлеген, интерактивті талдауды, статистикалық деректерді және «KOREM» АҚ жүзеге асыратын функциялардың орындалуын мониторингтеуге арналған құралдарды біріктіретін заманауи цифрлық платформа.
Жаңа интернет-ресурстың негізгі құрамдас бөлігі-KOREM ақпараттық-талдамалық порталы. Бұл-нарыққа қатысушыларға, мемлекеттік органдарға және сарапшылар қауымдастығына Қоғам көрсететін қызметтер бойынша интерактивті статистикалық және талдамалық деректерге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынатын аналитикалық цифрлық платформа.
Жаңа цифрлық порталдың іске қосылуы «KOREM» АҚ-ның 2025-2035 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру кезеңдерінің бірі болып табылады. Аталған стратегия инновациялық шешімдерді дамытуды, процестерді цифрландыруды және нарыққа қатысушылармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруді көздейді.
Порталдың негізгі құралдарының бірі-2023 жылғы 1 шілдеден бастап электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін талдауға мүмкіндік беретін аналитикалық дашборд-орталықтандырылған электр энергиясы саудасының ақпараттық панелі. Оның көмегімен пайдаланушылар сұраныс пен ұсыныс динамикасын, жасалған мәмілелердің көлемін, орташа салмақталған бағалардың өзгеруін, саудаға қатысушылардың белсенділігін қадағалап, әртүрлі уақыт кезеңдері бойынша көрсеткіштерді салыстыра алады. Сонымен қатар, пайдаланушыларға теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату, олардың түрлері, құны, теңгерімдеу аймақтары, шектес мемлекеттермен жүргізілетін операциялар, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдері туралы ақпарат қолжетімді болады.
Жаңа интернет-ресурс пайдаланушылардың қажетті ақпаратты жедел табуына және платформаның цифрлық сервистерінде оңай бағдарлануына мүмкіндік беретін интеллектуалды чат-ботпен толықтырылған.
Алдағы уақытта «KOREM» АҚ жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы порталдың талдамалық мүмкіндіктерін одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Жасанды интеллектті қолдану деректерді өңдеу құралдарын кеңейтуге, нарықтық үрдістерді анықтау мүмкіндіктерін арттыруға және пайдаланушылардың талдамалық ақпаратпен жұмыс істеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
- 03.08.2026
- 3


