• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аймағымызда ірі инвестициялық форум өтті

Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына орай Қостанай қаласында ірі инвестициялық форум өтті. Мемлекет басшысы өңір тұрғындарын мерейтоймен құттықтап, арнайы құттықтау хатын жолдады.

Қостанай облысы құрылған кезде өңірге негізінен шикізаттық база ретінде ерекше рөл жүктелді. Тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа экономикалық жағдайлар облыс алдына мүлде жаңа міндеттер қойды. Өңір шикізат өндіруден терең өңдеуге, заманауи технологияларды енгізуге және жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға бет бұрды.

«Бүгінде Қостанай облысы аграрлық әрі шикізаттық өңірден Қазақстанның ең ірі индустриялық орталықтарының біріне айналды. Өңір өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі бойынша республикада төртінші орында тұр. Қостанай облысы бүгінде Қазақстанның машина жасау саласының көшбасшысына айналды. Елімізде шығарылатын машина жасау өнімдерінің төрттен бірі осы өңірдің үлесіне тиесілі», – деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

Облыста жалпы қуаты 270 МВт-тан асатын жеті заманауи электр станциясы жұмыс істейді. Алдағы жылдары жалпы қуаты 1,2 ГВт болатын 165 жел электр қондырғысын іске қосу жоспарланған. Соның нәтижесінде өңірдегі «жасыл» энергия өндіру көлемі 32 еседен астам ұлғаяды.

Қостанай облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағытында да көш бастап келеді. Өңір қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша республикада бірінші, ал азық-түлік өндірісі бойынша екінші орында.

Соңғы жылдары заманауи сүт-тауар фермалары, ірімшік, құрғақ бие сүті, макарон өнімдерін шығаратын зауыттар және бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдейтін ірі кәсіпорындар салынды. Қазіргі уақытта жаңа кондитерлік фабриканың құрылысы аяқталу сатысында.

«Өңірдің келесі стратегиялық бағыты – астықты терең өңдеу жобаларын жүзеге асырып, биоэтанол өндіру және оның негізінде авиациялық отын шығару. Инфрақұрылымды дамыту бағытында облыстан шығатын барлық негізгі бағыттардағы мыңдаған шақырым автожол қайта жаңғыртылды. Қостанай халықаралық әуежайы жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арқалық қаласында жаңа әуежай салынуда. Қостанай қаласында әлемге танымал Marriott, Novotel және Holiday Inn брендтерімен үш заманауи қонақүй кешені бой көтереді», – деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Әлеуметтік салада да ауқымды жұмыстар атқарылды. Жаңа мектептер мен денсаулық сақтау нысандары, соның ішінде шалғай ауылдарда да пайдалануға берілді. Іс жүзінде әрбір ауданда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды.

Облыс әкімі өңірдің ең басты байлығы – оның адамдары, олардың адал еңбегі мен туған жердің өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі екенін атап өтті.

  • 03.08.2026
  • 3
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика