- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО МЕН РЕСЕЙДІҢ САМАРА ОБЛЫСЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС БЕКИ ТҮСПЕК
Ресейдің Омбы қаласында ХХІІ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. 23 жылдан бері екі ел қалаларында кезекпен ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі форумның биылғы тақырыбы логистика инфрақұрылымы, химия өндірісі, су көлігі, өңдеу өнеркәсібі сияқты маңызды салаларды қамтыды.
Жастар форумы мен іскерлік кездесулер өткізілді. Панельдік сессияларда логистикалық экожүйе, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіптік байланыстар мен кооперацияларды дамыту мәселелері талқыланды.
Форум аясында Ресейдің Самара облысы Үкіметі төрағасының орынбасары – Самара облысының Экономикалық даму және инвестициялар министрі Павел Финкпен кездесу өтті. Қос тарап өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқыладық. Кездесуде 2018 жылғы 5 қарашадағы ҚР БҚО әкімдігі мен РФ Самара облысы Үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы Келісімді іске асыру жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондай-ақ БҚО-да электр жабдықтарын шығару бойынша бірлескен кәсіпорындар ашу және ветеринария саласында байланыстарды нығайту бойынша келіссөздер жүргізілді.
- 04.08.2026
- 7


