- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
«ЖЕР ЫРЫСЫ – 2026»: БҚО-ДА АГРАРЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
БҚО Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылында V «Жер ырысы – 2026» агрофестивалі өтті. Дәстүрлі шара отандық және шетелдік ғалымдар, тәжірибелі фермерлер, ауылшаруашылық техникалары мен тыңайтқыш өнімдерін өндіретін іргелі компаниялардың жетекшілері, агросекторға қызмет көрсететін ұйымдардың басын қосты.
Агросаланың жетістіктері мен тың технологиялары топтастырылған көрмеде өсімдік шаруашылығына қажетті тыңайтқыштар, машина жасау, төрт түлікті асылдандыру, ветеринариялық препараттар келушілер назарына ұсынылды. Шаруалар өз өнімдерінен жәрмеңке де ұйымдастырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы мен қолдауының арқасында бүгінде аграрлық салаға бұрын-соңды болмаған көлемде қаржы бөлініп, мемлекеттік қолдау тетіктері айтарлықтай кеңейтілді. Кейінгі 3 жылда аймақтың агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 190 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Өңделген өнім көлемін 70 пайызға дейін арттыруға бағытталған шаралар да жүйелі жүзеге асырылып келеді.
Екі күнге созылған фестивалде түрлі бағыттағы көрмелер, семинарлар өтті. Онда білікті мамандар мен компания жетекшілері ауыл шаруашылығындағы заманауи технологиялар, жоғары өнімді техникалар, мал шаруашылығы мен селекция жетістіктері, сондай-ақ ветеринария мен өсімдік қорғау бағытындағы тың тәсілдерді ұсынды.
- 04.08.2026
- 6


