- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
«Таза Қазақстан»: Алматы облысында 22 мыңнан астам тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы шаралар жалғасуда. Бүгін өңірде әдеттегідей «Таза бейсенбі» акциясы өткізіліп, 22 мыңнан астам тұрғын таңмен таласа тазалық жұмысына атсалысты. Игі шарада азаматтар қоршаған ортаға қамқорлық пен жауапкершілік сезімінің үлгісін көрсетті. Олардың қатарында қоғам белсенділері, облыс әкімдігі мен мемлекеттік орган қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар мен еріктілер, тұрғындар бар. Нәтижесінде 510 тонна қоқыс шығарылып, 282 гектар аумақ тазартылды. Акция барысында қоғамдық орындар мен аулалардағы қоқыс жиналып, абаттандыру жұмысы жүргізілді. Қайта өңделетін қалдық бөлек сұрыпталып, қалған қоқыс арнайы полигонға жіберілді. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде 25 облыстық сенбілік өткізіліп, оған 567 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде 13 мың тонна қоқыс шығарылып, 7701 гектар аумақ тазартылды. 103 мыңнан астым көшет отырғызылып, 3500-ге жуық техника жұмылдырылды. Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасады.
- 07.08.2026
- 3


