• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысында биыл 100 мың тонна алма жиналады

Биыл Алматы облысындағы бағбандар 100 мың тоннаға жуық алма жинауды жоспарлап отыр. Оның 80 пайызы ішкі нарыққа жөнелтілсе, қалған 20 пайызы экспортқа шығарылады. Алматы өңірінің алмасы негізінен Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей және Беларусь елдеріне экспортталады. Сонымен қатар жиналған өнімнің 10 пайызы шырын, пюре, тосап және өзге де қайта өңделген өнімдер шығаруға пайдаланылады.

Бүгінде облыстағы алма бақтарының жалпы аумағы 9,9 мың гектарды құрайды. Оның 2,2 мың гектары – интенсивті бақтар. Алма өсіру көлемі бойынша облыстың Еңбекшіқазақ ауданы көш бастап тұр. Мұнда жыл сайын 34,1 мың тонна өнім жиналады. Одан кейінгі орында Ұйғыр, Талғар, Қарасай және Жамбыл аудандары тұр.

Өңірде алма ағашының 21 сорты өсіріледі. Мысалы, Алматы апорты, фуджи, гала, голден делишес, синап, кандиль, айдаред және басқа да кең таралған сорттар бар. Соның ішінде гала сұрыпына халықаралық нарықта сұраныс жоғары.

Алматы облысында соңғы үш жарым жылда 282 мың тоннадан астам алма жиналып, соның 1,5 мың тоннасы шетел нарығына экспортталды. Экспорт түсімі шамамен 1 млн 549 мың АҚШ долларын құрады. Қазір Еуропа елдері, Қытай, Орталық Азия және Таяу Шығыс нарықтарымен экспортты ұлғайту бағытындағы жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар, тек жаңа піскен алманы ғана емес, шырын, кептірілген алма, пастила сияқты қайта өңделген өнімдерді де сыртқы нарыққа шығару көзделіп отыр. Өнімділікті арттыру мақсатында өнімді көшеттер отырғызылып, тамшылатып суару жүйесі енгізілуде, цифрлық технологиялар қолданылып, интенсивті бақтардың көлемі ұлғайтылып жатыр.

Өңірде Алматы апортын халықаралық деңгейдегі бренд ретінде дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Апорт алмасын қалпына келтіру жобасы аясында сапалы көшеттер көбейтіліп, жаңа бақтар отырғызылуда. Бүгінде облыстағы апорт бағының жалпы аумағы шамамен 2,3 мың гектарды құрайды. Бұл бақтардан жылына 6,6 мың тонна апорт алмасы жиналады, орташа өнімділігі гектарына 88,5 центнерді құрайды. Сонымен қатар жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу бағытында жаңа жобалар іске асырылуда. Соның бірі – жылына 80 мың тонна жеміс-көкөніс өңдеуге қауқарлы «QAZAQ Global Food JV» зауытының құрылысы. Жоба іске қосылғаннан кейін өңдеу көлемі ұлғайып, алманы ұзақ сақтауға мүмкіндік туады. Бұл маусымнан тыс уақытта да өнімді нарыққа шығарып, экспорт көлемін арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ өңірде алма өсірумен айналысатын шағын шаруақожалықтар да бар. Солардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданы Әймен ауылында орналасқан «Хишманов» бағы. Жалпы аумағы – 14 гектар. Оның 4 гектарында көшет өсіріледі. Қалған жерге бақ отырғызылып, түрлі тәжірибелер жасалады. Сонымен қатар шаруақожалық Әймен ауылы мен оған жақын елдімекендердің тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Мұнда тұрақты түрде 15 адам еңбек етеді. Ал өнім жинау және көшет отырғызу кезінде олардың саны 30-45 адамға дейін жетеді. Былтыр 12 тонна өнім алынған. Ал биыл оның көлемін 24-28 тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар алма жинау кезінде ешқандай қалдық қалмайды. Оның бәрі арнайы сұрыпталып, кәдеге жаратылады. Өнімнің барлығы дерлік Қазақстан аумағында сатылады.

«Біз қазақстандық селекцияға жататын, жоғалып кетуге сәл қалған Анель, Айнұр, Дамира, Восход, Раши сияқты сорттарды көбейтуге жұмыс істеп жатырмыз. Өйткені бұл сұрыптар жақсы өнім береді, дәмі де тіл үйіреді. Шағын тәлімбағымыз бар. Онда негізінен өзіміздің баққа қажет көшеттерді өсіреміз. Қайсысы біздің аймаққа қолайлы екенін зерттеп, содан кейін ғана бақта өсіруге кірісеміз», – дейді шаруақожалық басшысы Руслан Хишманов.

Қазіргі таңда алма бағының бабын тапқан бағбандар алғашқы жиын-терінге кірісіп кетті. Облыста алманың өнімділігін арттыруға және отандық сорттарды сақтап, көбейтуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жаңа бақтардың көлемі ұлғайып, заманауи суару жүйелері және цифрлық технологиялар енгізілуде. Сонымен қатар өнімді сақтау мен қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту арқылы жергілікті алманың экспорт әлеуетін күшейтуге басымдық беріліп отыр. Алдағы уақытта бұл жұмыстар облыстың алма өндірісін жаңа деңгейге көтеріп, сапалы отандық өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

  • 10.08.2026
  • 5
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика