- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
39-шы жазғы облыстық Спартакиада мәресіне жетті
Арқалық қаласының 70 жылдық мерейтойы аясында 39-шы жазғы облыстық Спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Дәстүрлі спорт додасының алауы 20 жылдан кейін қайтадан Арқалықта жағылды. Бүгінде Арқалықтың жаңа тынысы ашылып, қала қайта түлеп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен Арқалық пен бүкіл Торғай өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Спорт – ұлт денсаулығының кепілі. Сондықтан облыста бұқаралық спортты дамытуға және спорт инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше мән берілуде.
«Соңғы 3 жылда облыста 30-дан астам спорт нысаны салынды. Оның ішінде 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 8 спорт залы, 2 стадион, 6 жабық хоккей корты, ат манежі мен бассейн бар. Қазір тағы 7 спорт нысанының жобасы іске асырылуда. Аулаларда 47 спорт алаңы салынды», деді аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.
Арқалықта өткен жылы күрес залы, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, «Қазақстан» спорт кешені пайдалануға беріліп, «Жігер» стадионы жаңғыртылды. Қазір қалада жабық хоккей корты мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүріп жатыр.
Облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында мектеп және студенттер лигалары тұрақты өткізіледі. Көптеген спортшыларымыздың үлкен жетістіктерге бастар жолы дәл осындай аудандық және облыстық жарыстардан басталған.
- 10.08.2026
- 6


