• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Мемлекет басшысының спортты дамыту және заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі тапсырмалары аясында Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Нұрлыкент ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Заманауи нысан ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді.

Спорт кешенінің ашылу салтанатына аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев, ауыл тұрғындары мен спортшылар қатысты.

Салтанатты шарада облыс әкімі өңірдің спорт саласындағы жетістіктеріне тоқталып, Әулиеата жері талай Олимпиада чемпиондары мен әлемдік деңгейдегі спортшыларды тәрбиелегенін атап өтті.

– Жамбыл облысы – спорт тарихы терең, талай саңлақтың бағын ашқан қасиетті мекен. Осы топырақтан қазақ спортының аңыз тұлғалары түлеп ұшып, әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғаған көптеген чемпиондар шықты. Бұл – өңіріміз үшін зор мақтаныш. Ендігі міндет – даңқты дәстүрді жалғастырып, жас ұрпаққа спортпен айналысуға барынша мүмкіндік жасау. Жастар күнінде пайдалануға берілген спорт кешенінен де ел мерейін асқақтатар болашақ чемпиондар шығатынына сенемін, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жаңа спорт нысаны «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынды. Жобаның жалпы құны 455,9 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын «Компания Сырым Блеке» ЖШС жүргізді.

Кешенде әмбебап спорт залы, киім ауыстыратын және душ бөлмелері, қосалқы бөлмелер қарастырылған. Спорт залы қажетті жабдықтармен және жиһаздармен толық қамтамасыз етілген. Бір ауысымда 15 адамға дейін жаттығу өткізуге мүмкіндік бар. 

Ашылу салтанатында еркін күрестен халықаралық турнир жеңімпазы, жастар арасындағы Азия чемпионы және Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Нұрлыкент ауылының тумасы Рахат Қалжан жаңа спорт кешені ауылдағы спорттың дамуына серпін беретінін айтты. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев ақ батасын берді.

Жамбыл облысында тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Бүгінде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындар саны 514,9 мың адамға жетіп, облыс халқының 44,8 пайызын құрады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 45,5 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда облыста 2465 спорт нысаны жұмыс істейді. Спорт саласына бөлінетін қаржы көлемінің артуына байланысты өңірдегі спорттық инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңғыртылып келеді. Өткен жылы облыста 10 спорт нысаны пайдалануға берілсе, биыл тағы 12 нысанның құрылысын аяқтау көзделген.

Президент тапсырмасына сәйкес Тараз қаласында құны 6,4 млрд теңге болатын инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталды. Нысанды 2027 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен құны 3,5 млрд теңге болатын футбол академиясының құрылысы жүргізіледі.

Ауылдық елді мекендердегі спорт инфрақұрылымын дамытуға да ерекше мән берілуде. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында 2027 жылдың соңына дейін барлық ауылдық елді мекенде заманауи кіші футбол алаңшалары болуы қажеттігін атап өткен болатын.

Осыған байланысты облыста арнайы жоспар әзірленіп, 62 елді мекен белгіленді. Биыл 34, келесі жылы тағы 28 елді мекенде заманауи кіші футбол алаңшаларын салу жоспарланған. Бүгінде 7 елді мекенде алаңшалар пайдалануға беріліп, 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қалған нысандарды да кезең-кезеңімен аяқтау көзделген.

  • 12.08.2026
  • 3
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика