• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» байқауының өңірлік жеңімпаздарын марапаттады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының өңірлік кезеңінде жеңімпаз атанған отбасыларды марапаттады.

Салтанатты жиында өңір басшысы отбасы құндылықтарының қоғамдағы маңызына тоқталып, байқаудың берекелі шаңырақтарды дәріптеп, өнегелі отбасылардың тәжірибесін кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

– Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие беруге айрықша мән беріп келеді. Өйткені мықты мемлекет мықты отбасылардан құралады. Әке – отбасының тірегі, ана – шаңырақтың берекесі, ал бала – отбасының болашағы. Осы құндылықтар үйлесім тапқан жерде береке мен бірлік, сыйластық пен сенім орнығады, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі бала тәрбиесі бір отбасының ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті екеніне назар аударды. Оның айтуынша, «Заң мен Тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» қағидаттарын ұстану, қоғамға деген құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыру ең алдымен отбасындағы тәрбиеден басталады.

Әулиеата өңірінде отбасы құндылықтары мен ұрпақ сабақтастығына айрықша мән беріледі. Елге еңбегімен танылып, өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отырған тағылымды әулеттер аз емес. 

Бүгінде Жамбыл облысында 50 мыңға жуық көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде 17 мыңнан астам ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері. Биылдың өзінде 3 007 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, 46 мыңнан астам көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қамтылған.

Аймақта «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында конкурсқа 2 900-ден астам отбасы қатысқан.

Биыл Тараз қаласы мен аудандардан байқауға 227 өтінім түсіп, оның ішінен 22 отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.

– Байқауға қатысқан әр отбасының өзіндік тарихы мен өмірлік жолы бар. Бірі – ел игілігі үшін адал еңбек етсе, енді бірі кәсіпкерлікпен айналысып, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Білім мен ғылымға, мәдениет пен спортқа үлес қосып жүрген отбасылар да бар. Олардың барлығын біріктіретін ортақ құндылық – отбасы алдындағы жауапкершілік, елге деген сүйіспеншілік және ұрпақ тәрбиесіне деген адалдық.

Бүгінгі марапат – байқаудағы жеңістің ғана емес, отбасылық құндылықтарды сақтауға, бала тәрбиесіне және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілікке қосқан үлестің бағасы. Әр шаңырақта бейбітшілік пен береке, татулық пен молшылық орнасын, – деді облыс әкімі.

 

Байқаудың өңірлік кезеңінде үшінші орынды Ақбердиевтер (Байзақ) және Сәттібаевтар (Тараз) отбасы иеленді. Екінші орын Ерғалиевтер (Жамбыл) мен Егембердиевтер (Меркі) отбасына бұйырды. Бірінші орынды Зайнулиндер отбасы (Тараз) жеңіп алса, бас жүлде Теңізбаевтар әулетіне (Мойынқұм) табысталды.

Жеңімпаздардың қатарында білім беру, спорт, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ішкі істер салаларында еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып келе жатқан отбасылар бар.

  • 14.08.2026
  • 5
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика