- Блогтар
- Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев
Жамбыл облысының әкімі
3 сәуір күні батыр Ғазиз Байтасов тірі болғанда 50 жасқа келер еді.
3 сәуір күні батыр Ғазиз Байтасов тірі болғанда 50 жасқа келер еді. Бұл күні Тараз қаласындағы «Жеңіс» саябағында Халық Қаһарманына арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатыстым.
⠀
Батыр Ғазиз Байтасовтың есімі Тәуелсіз Қазақстан тарихында ерекше аталары даусыз. Ол – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында «Халық қаһарманы» атағын алған алғашқы әрі жалғыз адам.
⠀
Ғазиз Байтасов антына берік қызметкер екенін танытты. Ол міндетіне адалдық пен көзсіз ерліктің символы болып қала береді.
⠀
Қазақстандық полицейлер өз міндетін адал атқарып жүр. Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдары қызмет бабында құқық қорғау органдарының 800-ге жуық қызметкері көз жұмған. Таразда ашылған бұл ескерткіш азаматтардың қауіпсіздігі жолында қаза болғандарға жасалған тағзым екенін атап өткім келеді. Олардың ерлігі мәңгі жадымызда.
- 06.04.2021
- 266