• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ербол Қарашөкеев жас офицерлермен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Шекара қызметінің құрылған күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара академиясын және шетелдік жоғары әскери оқу орындарын тәмамдап, өңірге қызмет етуге келген жас офицерлермен кездесті.

Өңір басшысы әскери жолын енді бастаған мамандар үшін Жамбыл облысы үлкен тәжірибе мектебі болатынын атап өтті. Оның айтуынша, Әулиеата – тарихы терең, ел қорғаған ерлердің ерлігі мен өнегесі сақталған қасиетті өлке.

– Шекара – мемлекеттің қауіпсіздігі басталатын қасиетті шеп. Оның әрбір шақырымында елдің тыныштығы, халықтың қауіпсіздігі мен тәуелсіздігіміздің тұтастығы тұр. Отан шебін күзету – кез келген азаматқа бұйыра бермейтін абыройлы міндет. Офицер болу – тек жоғары әскери атаққа ие болу емес. Бұл – тәртіптің, табандылықтың, жауапкершілік пен адалдықтың үлгісін көрсету, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген нақылын мысалға алып, әскери тәртіп пен антқа адалдықтың маңыздылығына тоқталды.

– Сіздердің білімдеріңіз бен кәсіби біліктеріңіз ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатынына сенемін. Қандай жағдайда да сабыр сақтап, салмақты шешім қабылдай білетін, Отан алдындағы міндетін әрдайым жоғары қоятын білікті маман болыңыздар, – деді аймақ басшысы.

Кездесуде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастығы, ұлттық қауіпсіздік полковнигі Ербол Жамаубаев сөз сөйлеп, жас офицерлерге қызмет жолында сәттілік тіледі.

Жиын соңында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының түлегі, аға лейтенант Қанат Ақжолов пен Ресей Федерациясының С.М. Киров атындағы Әскери-медицина академиясын тәмамдаған лейтенант Адина Базарова облыс әкіміне көрсеткен қолдауы мен ақжолтай тілегі үшін алғыстарын білдірді.

  • 20.08.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика