- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Қостанайда «Кондитерлік астана» іске қосылды
Қостанай облысы үшін маңызды оқиға – «Кондитерлік астана» заманауи жоғары технологиялық кешені іске қосылды. Салтанатты шараға аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.
1974 жылы негізі қаланған «Баян Сұлу» кәсіпорны бүгінде Қазақстанның кондитерлік индустриясының танымал брендіне айналды.
«Кондитерлік астана» кешенінің іске қосылуы – осы дамудың заңды жалғасы. Жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу үлесін 70%-ке дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасына сай жүзеге асырылды», – деді облыс әкімі.
Қостанай облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында экспорт көлемі жағынан елімізде бірінші орында тұр. Республика бойынша экспорттың 27%-і біздің облысымыздың үлесіне тиесілі.
Жылына 16,6 мың тонна өнім өндіруге қуаттылығы бар «Кондитерлік астана» кешенінің іске қосылуы кәсіпорынның жалпы өндірістік қуатын шамамен 20 пайызға – 85 мың тоннадан 101 мың тоннаға дейін арттырады. Өндіріс орнында 260 жұмыс орны құрылып, жалпы жұмысшылар саны 2 мыңға жетеді. Компания жылына 500 млн теңге салық төлейтін болады.
- 20.08.2026
- 4


