• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
13 мың шаршы метр: Таразда ауқымды заманауи салтанат сарайының құрылысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлердегі әлеуметтік және мәдени инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында Тараз қаласында соңғы үлгідегі 1 300 орындық ауқымды Салтанат сарайының құрылысы басталды. 

«Балауса» (14) шағын ауданында бой көтеретін әлеуметтік нысанның іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық және қалалық мәслихаттардың, қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, зиялы қауым және мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Салтанат сарайы Тараздың мәдени-рухани өміріндегі ірі нысандардың біріне айналмақ. Жобаның құны – 18,5 млрд теңге. Нысанның жалпы аумағына 5 гектар жер қаралса, негізгі ғимараттың ауданы 13 мың шаршы метрді құрайтын болады.

Ірі кешеннің жобасында 1 300 орындық көрермен залы, заманауи сахна, баспасөз орталығы мен конференц-залдар, түрлі өнер үйірмелері мен өзге де танымдықдық бөлімдер қарастырылған. Нысан заманауи жарық және дыбыс жүйелерімен жабдықталып, концерттер, театрландырылған қойылымдар, шығармашылық кештер, республикалық және халықаралық деңгейдегі мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін дамытуға, өнер ұжымдарының жұмысын жандандыруға және жаңа мәдени жобаларды жүзеге асыруға да ықпал етеді.

Нысанды 2028 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Шара барысында облыс әкімі жаңа Салтанат сарайының Тараздың мәдени дамуы үшін маңызы зор екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәдениет пен өнерді дамытуға, халыққа қолайлы орта қалыптастыруға және елдің рухани әлеуетін арттыруға ерекше мән беріп келеді.

Тарихы екі мың жылдан асатын Тараз үшін мәдениет пен өнердің орны әрдайым ерекше. Сондықтан көне шаһардың тарихи келбетіне сай заманауи мәдени инфрақұрылым қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.

Бүгін құрылысы басталып отырған Салтанат сарайы қаланың мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, туристік тартымдылығын арттыруға да ықпал етеді. Осы орайда, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына ерекше көңіл бөліп, маңызды жобалардың жүзеге асуына қолдау көрсетіп отырған Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Жамбыл жұртшылығы атынан шынайы ризашылығымды білдіремін! – деді Ербол Қарашөкеев.

Шара барысында Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» Асылхан Шүңіреков сөз сөйледі. Мәдениет қызметкерлерінің атынан сөз алған Асылхан Шүңіреков мәдениет ошағы шығармашылық ұжымдар мен жас таланттардың дамуына жол ашатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Тараз қаласындағы ең ірі концерттік зал 951 көрерменге арналған. 1980 жылы салынған ғимарат 2017 жылы қайта жаңғыртылған. Осы тұрғыда құрылысы басталған заманауи әрі кең Салтанат сарайының маңыздылығы мен қажеттелігі сөзсіз.

 

  • 25.08.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика