- Блогтар
- Батырбеков Э.Ғ.
Батырбеков Э.Ғ.
ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры
ССП аумағын радиоэкологиялық зерттеу
2021 жылы Семей сынақ полигонының (ССП) жабылғанына 30 жыл толады. Осы айтулы оқиғаға орай Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы жүргізіліп жатқан радиоэкологиялық зерттеулерді аяқтауды жоспарлап отыр.
Орындалатын жұмыстардың нәтижесі полигонның қазіргі заманғы радиоэкологиялық жай-күйі туралы толық сипаттама мен өзекті ақпарат алу болады. Бұл көлемді үлкен еңбек 2008 жылы басталды. Бұл ретте бірегей зерттеу әдістері мен технологиялары қолданылды, олардың көпшілігін ҚР Ұлттық ядролық орталығы әзірледі. Бүгінгі күні ССП аумағының 90%-ға жуығы тексеріліп, МАГАТЭ-нің оң қорытындылары берілді.
- 07.04.2021
- 224