• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ЗАМАНАУИ ЭСКАЛАТОРЛАР МЕН ЛИФТЕР: ҚОСТАНАЙДА ТОЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Қостанай облысы – пайдалануға берілген теміржол вокзалдарының саны бойынша республикада үздік үштікке кірді

Қостанай қаласында 50 жылдан астам тарихы бар теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Вокзал заманауи келбетке ие болып, инфрақұрылымы жаңартылды. Бүгін жаңартылған вокзал кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

«Қостанай облысы Мемлекет басшысының бүкіл ел бойынша теміржол вокзалдарын ауқымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын толық орындады. Жыл басынан бері облыста Аманқарағай, Құшмұрын, Железорудная, Арқалық және Тобыл станцияларындағы вокзалдар күрделі жөндеуден кейін қайта жұмысын бастады. Ал соңғы кезеңде Қостанай қаласындағы басты теміржол вокзалы жаңғыртылды», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Қостанай қаласының теміржол вокзалы – қаланың көлік инфрақұрылымындағы негізгі нысандардың бірі. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 1,2 мың адамнан 2 мың адамға дейін артты. Вокзал Қостанайды облыстың ішкі аудандарымен, сондай-ақ республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік және батыс бағыттарымен теміржол қатынасымен қамтамасыз етеді.

Қостанайдың теміржол қатынасының тарихы ғасырдан асады. Қолданыстағы үш қабатты вокзал ғимараты 1974 жылы салынған.

Бүгінде, жарты ғасырдан астам уақыт өткен соң, вокзал жолаушылар инфрақұрылымының қауіпсіздігіне, жайлылығына және қолжетімділігіне қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, толық жаңартылды.

Қайта жаңғырту барысында ғимараттың аумағы 7,3 мыңнан 8,5 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылды, яғни 1,1 мың шаршы метрге артты. Жоба аясында инженерлік жүйелер толық жаңғыртылып, заманауи жолаушылар эскалаторлары мен лифтер орнатылды.

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов атап өткендей, Қостанай облысы аяқталған және пайдалануға берілген теміржол вокзалдарының саны бойынша республикадағы үздік үштікке кіріп отыр.

«Сонымен қатар жаңа теміржол желілері салынуда, желінің өткізу қабілеті арттырылып, жолаушылар жылжымалы құрамы жаңартылуда және заманауи цифрлық технологиялар енгізілуде. Бұл жобалардың барлығы теміржол көлігін азаматтар үшін одан әрі қауіпсіз, жайлы әрі қолжетімді етуге бағытталған», – деді Ж. Тайжанов.

Вокзалға іргелес аумақты абаттандыруға да ерекше көңіл бөлінді. Облыстық бюджет қаражаты есебінен вокзал алдындағы алаңға жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар барысында заманауи құрылыс материалдары, технологиялар мен жабдықтар пайдаланылды, олардың едәуір бөлігі Қазақстанда өндірілген.

Осылайша, толық жаңартылған вокзал кешені – вокзал ғимараты мен вокзал алдындағы аумақ – қала мен облыстың заманауи көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналып, жолаушыларға қызмет көрсетудің неғұрлым жайлы, қауіпсіз және қолжетімді жағдайларын қамтамасыз етеді.

Жобаны іске асыру Қостанай облысы әкімдігінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның, сондай-ақ жобалаушылардың, құрылысшылардың және техникалық мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесі болды.

Жаңартылған вокзал Қостанай қаласының маңызды көлік тораптарының бірі ретіндегі өз қызметін жалғастырып, жолаушыларға жайлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және өзінің ғасырдан астам тарихы арқылы ұрпақтар сабақтастығын сақтайды.

  • 31.08.2026
  • 4
Ақсақалов Қ. І.

Қостанай обласының әкімі

Ақсақалов Қ. І.
(Мұрағат)

Қостанай обласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика