- Блогтар
- Исабаев Б.Ө.
Исабаев Б.Ө.
Жетісу облысының әкімі
Жетісуда жаңа оқу жылына 4 мектеп: екі жаңа, екі жаңартылған білім ордасы қолданысқа берілді
Бүгін 1 қыркүйек – Білім күнінде Жетісу облысында екі жаңа мектеп ашылды. Сондай-ақ 2 мектеп күрделі жөндеуден кейін қолданысқа берілді.
Президенттің кітап оқитын, сапалы ұлт қалыптастыру бастамасы ең алдымен білім мен ғылымға ұмтылған, қоғамдық мәдениеті жоғары, зерделі ұрпақ тәрбиелеуден басталады. Осы орайда жастардың сапалы білім алуына қолайлы орта қалыптастыру үшін мектептерді жаңғырту кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, облыс құрылғаннан бері 24 білім беру нысаны жаңадан бой көтеріп, 27 нысан күрделі жөндеуден өтті. Біз бұл бағыттағы жұмысты ары қарай да жалғастырамыз.
Биылғы жаңа оқу жылында өңірде екі жаңа мектеп – Текелі қаласы Рудничный ауылындағы № 7 мектеп пен Панфилов ауданы Сүптай ауылындағы орта мектеп, сондай-ақ күрделі жөндеуден өткен тағы екі - Көксу ауданы Бозтоған ауылындағы Мұсабек атындағы және Ескелді ауданы Елтай ауылындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектептер қолданысқа берілді.
Облыс құрылғаннан бері атқарылған шаралардың арқасында әлеуметтік сала нысандарының жаңартылу деңгейі 55,8% болды. Сонымен қатар 2022 жылы облыста бейімделген мектептер саны 75 болса, қазір бұл көрсеткіш 37-ге дейін қысқарған.
- 01.09.2026
- 5


