• Цифрлық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ербол Қарашөкеев
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жамбыл облысында 22 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Білім күніне орай Тараз қаласындағы №54 орта мектепте өткен салтанатты іс-шараға қатысып, ұстаздар, ата-аналар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

– Білім – мемлекеттің дамуын айқындайтын басты күш. Сондықтан әр балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беру – баршаға ортақ міндет. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күннің орны ерекше. Олардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып, жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалуы тиіс, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы ұстаз еңбегінің маңыздылығына тоқталып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Тамыз конференциясында айтқан «Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі» деген сөзін атап өтті. Оның айтуынша, мұғалімнің кәсіби әлеуетін арттыру, абыройын көтеру және алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасау – білім саласындағы басты басымдықтардың бірі.

– Білімді, еңбекқор, отаншыл әрі жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – ортақ мақсатымыз. Бұл жолда мектеп пен ата-ананың өзара сенімі мен тығыз ынтымақтастығы айрықша маңызды. Баланың білімі мен тәрбиесіне екі тарап та бірдей жауапты, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жамбыл облысында білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және оқушыларға қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Биыл өңірде 14 білім беру нысанында, оның ішінде 5 мектеп пен 9 жапсарлас құрылыста жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда 3 мектеп пен 5 жапсарлас құрылыс пайдалануға берілді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде апатты және тозығы жеткен мектептерге қатысты бірқатар мәселе шешіліп, білім беру ұйымдарының бірі жаңа спорт залымен қамтылды.

Қалған 4 жапсарлас құрылысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар 2 мектепті 2027 жылы пайдалануға беру көзделіп отыр. Жаңа нысандар мен қосымша ғимараттардың салынуы орын тапшылығын азайтып, балаларға заманауи білім алуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста 2025-2029 жылдарға арналған 133 мектепті жаңғырту жоспары бекітілген. Өткен жылы 10 мектеп жаңғыртылса, биыл тағы 6 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жүргізілуде.

Бұдан бөлек, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен облыстағы 80 мектептің 207 оқу кабинеті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Білім күніне арналған шара барысында облыс әкімі күрделі жөндеуден өткен №54 мектепті аралап, оның жаңарған оқу кабинеттері мен материалдық базасымен танысты. Ербол Қарашөкеев ұстаздар қауымына шығармашылық табыс, оқушыларға терең білім мен толағай жетістіктер тіледі.

  • 01.09.2026
  • 4
Ербол Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі

Ербол Қарашөкеев
(Мұрағат)

Жамбыл облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика