- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Сүйінші хабар!
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алыс қашықтық – 300 шақырымдық жорықта Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жүйріктер командасы сапындағы жерлесіміз Есен Ахметті арнайы құттықтады.
«Шабандоздар бірнеше күн аса төзімділік пен табандылықтың арқасында жоғары нәтиже көрсетті. талап ететін сайыс. Бұл жеңіс еліміздің мерейін асқақтатқан зор жетістік. Жеңісті жорық жалғасын тауып, көк байрағымыз биікте желбірей берсін!», – деді аймақ басшысы өз құттықтауында.
Құмар Ақсақалов шабандоздар мен бапкерлерге зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тіледі.
- 07.09.2026
- 4


